Home » Жаңалықтар (page 219)

Жаңалықтар

Жаңаөзен қарттарының айтары бар

Осыған дейін Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестері мүшелерінің бірінші съезінде және Қарақия аудандық ардагерлер үйінде көтерілген сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бұл жолы Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты. Кезекті кездесудің ардагерлер үйінде өтуі кездейсоқтық емес. Себебі үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарай білген халықпыз. Сол себепті Департамент басшысы Жаңаөзен қаласындағы ардагерлер үйінде болып, қарттармен жүздескенді жөн санады. Басқосуда сөз алған Нұргүл Алмасқызы бүгінде өңірімізде ...

Толығырақ »

Әзілде де шындық бар

Республикада алғаш рет Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлық тақырыбында көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті.  «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен «Елу жылда — ел жаңа» атты республикалық жайдарман сайысы мұнайшылар қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында өтті. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 6 команда қатысты. Атап айтар болсақ Шымкенттен келген «Байдың балдары», Ақтөбелік «Фемида», Орал өңірінен «Грант», Атыраудан «Сағыз», Маңғыстаудың намысын қорғаған «Боранқұл» және «Өзенмұнайгаз» командалары. ...

Толығырақ »

Технобақ

Сіздерді  Балалар мен жеткіншектер сарайы базасынан орын алатын Технобақтың үлгісімен  таныстырмақпын. Балалар мен жеткіншектер сарайындағы бұл технобақ біздің қаламыздағы жақсы, озық деген құрылғылармен жабдықталған,  заманауи қосымша білім беру  мекемесінің үлгісі болып табылмақ.  Жобаларды толық іске асыру мерзімі 5 жылды құрайды. Технобақтың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қазіргі кезеңге және болашақ үшін маңызды ғылым салаларына деген қызығушылықтарын арттыру, адамзаттың алдында ...

Толығырақ »

Сыңғырла, сыңғырла тағыда…

Арманы асқақ, қадамы нық болашақ жастардың тағы бір жылы артта қалып, алтын ұя мектептерімен қайта қауышты. 1 қыркүйек білім күні әлем балалары үшін бақыттың бастауы. Сондай бақыт Солтүстік Қазақстандық бүлдіршіндерге де бұйырды. Петропавл қалалық қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары да алғашқы қоңырау мерекесін елмен бірдей қарсы алды. Оқушылар мен ұстаздарды құттықтауға қалалық білім бөлімінің әдіскері Кеңпейілова Айман Ерғазықызы және қаламыздың атқамінер азаматтары ...

Толығырақ »

Ұлтжандылықты ұлықтаған қоңырау өтті

 Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл өз есігін 9 -шы мәрте айқара ашып, білім нәрімен сусындауға құмар талантты оқушыларды тәрбиелемек. Өтпелі кезеңде талай талантты шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырған білім ошағы биыл өз қатарын жаңа буынмен толықтырды. 1 қыркүйек білім күні аясында мектебімізде «Болашақ — білімде» атауымен салтанатты лездеме өткізіп, 7 сыныпқа қабылданған шәкірттерге ерекше құрмет көрсетті. Лездемеде мектеп ...

Толығырақ »

100 бала зияткерлік мектепке қабылданды

Қыркүйектің 1-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты шарада Маңғыстау облысының 100 баласы зияткерлік мектепке қабылданды. Білім ордасы жаңа оқу жылын 650 оқушымен бастады. Салтанатты жиын «Өркен» білім грантын жеңіп алып, зияткерлік мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болған  7-сынып оқушыларының шеруінен бастау алды. Айта кетейік, өткен оқу жылындағы конкурстық іріктеуге Маңғыстау өлкесінен білім гранты үшін ...

Толығырақ »

АДАМ — ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті

Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамының 12 қадамында жаңа этикалық ережелерді енгізу белгіленген. Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді. Бабаларымыз ...

Толығырақ »

        Туған өлкеге тағзым

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды.Туған жер –әр адам баласының шыр етіп дүниеге келген жері. Сол себепті туған өлкемізге, оның мәдениеті мен салт –дәстүріне ерекше құрметпен қарау –шынайы париотизмнің белгісі. Патриотизм әр азаматтың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігіне басталатыны мәлім. Мен өз оқушыларыммен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қостанай ...

Толығырақ »

Биыл республикалық бюджет есебінен 110 мектеп салынып жатыр

Жаңа мектептердің салынуы — Елбасының жаңа оқу орындарын құру мен үш ауысымды мектеп мәселесін шешу бойынша жүктелген міндетті орындау болып табылады. 2018 жылы тек республикалық бюджет есебінен 53 млрд. теңгеге 110 мектеп салынды. Биылғы жылы 72 мектеп пайдалануға беріледі, оның ішінде 49 мектеп 1 қыркүйекте есігін ашса, жыл соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 72 мектептің үшеуі Ақмола ...

Толығырақ »

Тайынша ауданындағы тамыз кеңесі

Өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылының жоспарын нақтылау мақсатында педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданында «Төртінші өндірістік революция жағдайында адами капитал» тақырыбында аудан мұғалімдеріне  арналып өтті.  Конференцияға Тайынша ауданының әкімі Дудов Владимир Сергеевич және қонақтар мен мектеп мұғалімдері қатысты. Конференция барысында ұстаздар мен мектеп оқушылары ерекше жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ, білім беру саласының үздік қызметкерлері ...

Толығырақ »