Шаттық СӘДУАҚАС,ЕҰУ-нің магистрантыКөктемнің күншуақты бір күнінде ел астанасының төрінде руханияттың алауы маздады. Бұл күн филология ғылымындағы арулардың ішіндегі сұлулық пен даналықтың символына айналған, қара сөздің қадірін ұғына білген Әсима Қалымқызының 70 жылдық мерейтойлық ғылыми конференциясымен есте қалды. «ХХІ ғасырдағы креативті индустриялар: генезисі, медиабағдарламалар, білім беру мәселелері» тақырыбымен аталған шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті. Ишанова Әсима Қалымқызы – әдебиеттану, ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ұлттық өнерімізді ұлықтаған сапар
«Ел іші өнер кеніші» демекші Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының шығармашылық ұжымы Алматы облысының Нарынқол, Кеген, Шонжы, Шелек, Жаркент және Есік қалаларына сәуір айында гастрольдік сапармен барып қайтты. Халқымыздың асыл мұрасы ұлттық өнерімізді ұлықтаған сапарда театр өнерпаздары көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, елмен қауышқан ерекше сәттерге толы болды. Театрдың ерекшелігі – қойылымдардың барлығы тек жанды дауыста және ...
Толығырақ »Денсаулықты сақтау негіздерін қалыптастыру кіші жастағы балалардың физикалық қабілеттері мен қимыл дағдыларын дамыту
Алматы қаласы, Алмалы ауданы “N30 бөбекжай-балабақшасы”меңгерушісі: Кыдырбаева Анаргүл ШалкаровнаҚалалық семинарКүні: 30.04.2025жБілім беру ұйымы: КМҚК «№30 бөбекжай-балабақшасы»Түрі: семинар-практикумМақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру .Міндеттері: негізгі қимыл түрлерін жетілдіру;жүру, жүгіру,өрмелеу,лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтаужалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық,қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру ...
Толығырақ »Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Тәрбиешілердің ата-анамен жұмыс формалары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы КМҚК № 3-бөбекжай-балабақшасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Тәрбиешілердің ата-анамен жұмыс формалары» атты танымдық-тағылымдық семинар өтті.Шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Ерғазиева Айгүл Тоққожаевна жүрекжарды алғысөзімен ашты.Бұл сәтте балабақшаның тарихымен біте қайнасқан, өзінің өнегелі жолымен, табанды еңбегімен ерекшеленген балабақша меңгерушісінің еңбегін ерекше атап өтпеу мүмкін емес.Себебі:ол кісі мектепке дейінгі білім беру саласында табан аудармай 40 жыл бойы абыроймен еңбек ...
Толығырақ »Балалардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту
29,04.2025ж.-Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК №49 бөбекжай-балабақшасында«Балалардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында«АРТ-ТЕРАПИЯ» әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Валиева Жазира Иосифовна өзінің алғы сөзімен ашты. Семинар тақырыбы музыкалық терапияға қатысты болғандықтан, музыка жетекшісі Рахимжанова Динара- жаңа музыкалық аспап «Глюкофонды» таныстырып, аспапта қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» ойнап, қатысушыларды әуенге қосылуын өтінді, аспаптың ...
Толығырақ »“Жұлдызды сәт” зияткерлік ойыны – балабақша бүлдіршіндерінің білім мен өнер додасы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КМКҚ №6 бөбекжай-балабақшасында “Жұлдызды сәт” атты интелектуалды ойын өтті.Баланың бойындағы қабілетті ашып, таным көкжиегін кеңейту – балабақшадағы тәрбиенің басты мақсаты. Осы мақсатта жақында №6 балабақшада ерекше әрі әсерлі зияткерлік ойын – “Жұлдызды сәт” атты сайыс өткізілді. Бұл танымдық ойын алты кезеңнен тұрды және бүлдіршіндерге қуаныш пен шабыт сыйлап, көпшілікке олардың білімге деген құштарлығын паш етті.Іс-шараны балабақша ...
Толығырақ »«Ағаш шеберханасындағы шебер бала» жобасы. Шығармашылық пен серіктестікке негізделген қалалық семинар
2025 жылдың 30 сәуір күні Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты КМҚК «№104 бөбекжай-балабақшасында» мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор «Ағаш шеберханасындағы шебер бала» жобасы атты қалалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптей отырып, баланың шығармашылығын, еңбексүйгіштік қасиетін дамыту және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды. Аталған білім ордасының басшысы, тәжірибелі де ...
Толығырақ »Достық пен ынтымақ – береке бастауы
1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №73 бөбекжай-балабақшасында «Достық пен ынтымақ – береке бастауы» атты мазмұнды әрі мағыналы іс-шара ұйымдастырылды. Әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарап, ынтымақ пен бейбіт өмірді насихаттаған бұл мерекелік кеш – нағыз тәрбиелік мәні зор тағылымды шара болды.Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызы туралы балалардың түсініктерін ...
Толығырақ »Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы
Астана қаласы әкімдігінің № 80 “Ботақан” балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардағы зерттеу жұмысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды экспериментті алаң аясында қалалық семинар өтті. “Жәндіктердің биоәртүрлігін зерттеудегі мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылығы” тақырыбындағы бұл шара білім беру саласындағы заманауи әдістерді талқылауға, зерттеу бағыты бойынша тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды. Семинар шымылдығын балабақша бүлдіршіндерінің “Аралар” атты әдемі билерімен ашылып, № 80 “Ботақан” балабақшасының ...
Толығырақ »Бейбіт күннің бағасын білген ұрпақпыз
Алматы қаласыБілім басқармасы Әуезов ауданыКМҚК «№64 бөбекжай- балабақшасы»меңгерушісі Салимханова Г.К. Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай Алматы қаласы Білім басқармасы Әуезов ауданы КМҚК «№64 бөбекжай-балабақшасы» тәрбиешілерінің қатысуымен арнайы іс-шара өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысының тарихи маңыздылығын терең түсініп, патриоттық сезімді нығайту, сондай-ақ соғыстың батырлары мен олардың ерліктерін еске алу болды.Іс-шараның бірінші бөлімінде тәрбиеші Тұрғанбек Б.Ұ. Ұлы ...
Толығырақ »