«Егер ұялмасаң, білгеніңді істей бер!» Бұл әуелгі Адам (ғ.с) әрі соңғы ақыреттік Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға дейін өзгеріссіз жеткен бірқатар ұлағаттар ішіндегі адамды кілт тоқтататын ерекше оқшау хадис. «Асыл сөзге өлім жоқ» демекші, құны ес жидыртатын өсиет. Білгенін істеу деген — хайуан тірлік. Ал, одан жоғары тұру – адамилық. Адам ойында бір ғана өтірік пен санада сәл қиянат болса, кеудедегі жүректің ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ақтаудағы үлгілі мектеп
Ақтау қаласындағы № 10 жалпы білім беру орта мектебінің директоры Бекес Испекеев және оқушылар көшеттер отырғызды. Осындай шараларды өткізу арқылы мектеп оқушылары табиғатты аялауды үйреніп, әрбір жақсы істің басы-қасында жүруді бойға сіңіріп, үлгі тұтарлық істерімен қоршаған ортаның жақсаруына өздерінің үлесін қосты. Еліміздің ертеңі — жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беру мекемесінің рөлі ерекше екендігі сөзсіз. Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» ...
Толығырақ »ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАР САЙЫСЫ
Үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірушілердің біліктілік жұмыстары бойынша Республикалық дәрежедегі көрме сайысы өткізілді.Бұл сайыс — Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің сәулет-құрылыс және дизайндық бейін мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында жылда өткізілетін дәстүрлі салтқа айналды. Қазақстан Республикасы бойынша аталған оқу-әдістемелік бірлестікке мүше барлық жоғары оқу орындары ат салыса қатысып, жүлделі орындарды белгілейтін бұл көрме сайыстың ...
Толығырақ »Студенттік жатақханалар құрылысында МЖӘ механизмі табысты қолданылуда
Үкімет отырысы барысында бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Ведомство басшысының айтуынша, бастама басталғаннан бері 5 149 орын пайдалануға берілді және жыл соңына дейін тағы 4 050 орын жатақханаға беріледі. Студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобаларға бизнестің белсенді қатысуының бірқатар факторлары бар. Олардың негізгісі — жатақханаларда тұратын әрбір студент үшін мемлекет төлейтін мақсатты тапсырысты орналастыру. Бұдан басқа, ...
Толығырақ »Жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде мемлекет қанша үнемдейді?
Бұл туралы сейсенбі, 22 қазан күні, Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. 2018 жылы «Білім туралы» Заңның әкімдіктерге орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру құқығын беру бөлігінде толықтыру енгізілді. Мемлекеттік тапсырыстың құны мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін анықтау бойынша заңға тәуелді актілер қабылданды. Ұсынылған шараның артықшылығы жетерлік. Мемлекет үшін бұл — бюджетке түсетін жүктемені төмендету, ...
Толығырақ »Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Білім беру саласына 243 млрд. теңге инвестиция тартылды»
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының портфелі әртүрлі. Ол туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді. Бүгінгі күні білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 558 жобасы іске асырылуда. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 243 млрд. теңгені құрайды. «МЖӘ жобаларының негізгі үлесі мектепке дейінгі салада ұсынылған. 70 жоба мектеп асханаларын басқару мен 26 жоба колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді көздесе, 14 жоба спорт ...
Толығырақ »Қазақстанда әрбір үшінші оқушы мектептен тыс қосымша біліммен қамтылған
Мектептен тыс қосымша білім балаға білім берудің маңызды бөлігі болып табылады және оның маңызы мектеп бағдарламасынан кем емес. Қосымша білім адамның жалпы дамуы процесін қолдауға және өсіп келе жатқан тұлғаның танымдық, шығармашылық, коммуникативтілік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бүгінгі күні әрбір үшінші оқушы мектептен тыс қосымша біліммен қамтылған. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде қосымша біліммен қамтылған балалар саны 322 592 адамға өсті. ...
Толығырақ »Халықаралық рейтингтерде қазақстандық білім нешінші орында?
Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында екендігін айтты. Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан 2017 жылдан бастап білім беру және инновациялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттерінің мүшесі. IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында. Осы рейтингтің 20 көрсеткішінің бестігінде Қазақстан бірінші орында тұр. 2019 ...
Толығырақ »Қосымша білім беруді дамыту кезек күттірмейтін шаруа
Мектептен тыс қосымша білім беру — бұл бала тәрбиесіндегі маңызды әрі шешуші фактор болып табылады. Қосымша білім беру бұл баланың таным көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді. ҚР БжҒМ мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда әрбір үшінші оқушы мектептен тыс қосымша біліммен қамтылған. Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде қосымша біліммен қамтылған балалар саны айтарлықтай өсті. 2019 жылы ...
Толығырақ »Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар ұлғайды
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту есебінен, оның ішінде жеке меншік балабақшалардың өсуі есебінен қамту ұлғайды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – БҒДМБ) іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке ұлғайды. ...
Толығырақ »