Жуырда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №126 бөбекжай-балабақшасында “Мақал сөздің азығы, Жұмбақ ойдың қазығы” атты ата-аналардың қатысуымен ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болған — әжелер балаларға мақал-мәтелдердің мән-мағынасы мен құндылығын түсіндірді. Шара барысында балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жұмбақтар шешті. “Тақия тастамақ” ұлттық ойын ойнатылып, өлеңдер оқылды. Мың бұралған бишілер тобы “Домбыра», “Қамшы” билерін биледі. Ертеңгіліктің ...
Толығырақ »Балабақша
Балалар алғыс айтты
1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай Алматы қаласы Наурызбай ауданы “Балапандар” бөбекжай-балабақшасында іс-шара өтті. Іс-шара барасында тәрбиеленушілер шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектерін өлеңдермен жеткізді. Әуелетіп ән айтып, биді де биледі. Сондай-ақ аналарына алғыс айтып, гүлдер тарту етті. —Балабақшаға бала тек таңда келіп, кешке қайтпау қажет. Балабақша -баланың болашағы. Сондықтан тек мереке кезінде емес, әр күн сайын ата-анасын ...
Толығырақ »«Кітап – рухани қазына»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бүкіл әлемдегі кітапханалар білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені» – деді. Осыған орай, таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданындағы «№10 бөбекжай-балабақшасында «Кітап – рухани қазына» Ұлыбритания тәжірибесінінің жобасы аясында «Туған қаламның символы» тақырыбында өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы саналатын мектепалды тобының тәрбиеленушілері қатысты. Алғашқы ...
Толығырақ »Алғыс айтылды
Кеше, 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 78 бөбекжай-балабақшасында мерекелік іс-шара өтті. Шарада Зада Тәліпқызы бастаған балабақша ұжымы келген қонақтарды ақ дастарханан дәм ұсынып қарсы алды. Іс-шараға арнайы шақырылған театр өнерпаздары әуелеген әндерімен мерекені қыздыра түсті. — Біз бүгін балаларымызға өте қатты риза болдық, осыншама ізденіп, оны балаларға үйретіп көрермен назарына ұсынып ...
Толығырақ »Робототехника — заман талабы
Жуырда Алматы қаласы Медеу аудандық №156 бөбекжай- балабақшасында қонақта болдық. Карлыга Асанкуловна бастаған ұжымымен жақыннан таныстық. Мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Ал №156 ...
Толығырақ »Мерекеңмен, ана!
Бүгін, 29 ақпанда Алматы қаласы Алатау ауданындағы №148 бөбекжай-балабақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Балабақша тәрбиешілері «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерін мерекеге жан-жақты дайындаған. Кішкентай қыздар мың бұрала би билеп, аналарына арнаған өлеңдерін оқыды. Сахна төрінде бүлдіршіндер сомдаған «Үш ана» атты көріністері әдемі де әсерлі шықты. -Балабақша қабырғасында осындай тәрбиелік мән мағнасы мол көріністер бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіреді ...
Толығырақ »Ананың үні
Алматы қаласы Алатау ауданы №148 бөбекжай-балабақшасында Аудандық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы өтті.Байқау қортындысында аудан бойынша 1-орынға иеленді. КМҚК №148 ші бөбекжай-балабақша басшысы Шарапиева Рая Задановна қолдауымен,балабақша педагогтары мен бүлдіршіндері «Ананың үні» атты музыкалық қойылымын көрсетті. Кішкентай балалардың әрекеті үлкендерді таң қалдырды десем артық емес. Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Баласын ...
Толығырақ »Балабақшадағы театр әлемі
Ақпанның 28 жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 120 бөбекжай-балабақшасында «Театр әлемі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін, театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы тілін дамыту, ой өрісін мен дүниетанымын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға балалар мен бірге тәрбиешілер де қатысты. Бірі — қойылмға кейіпкер болса, енді бірі — қуыршақ киімдерін жасауда үлкен еңбек еткен. — Мен ойлаймын, бала ...
Толығырақ »«Отбасы құндылығы — тәрбие негізі»
Жақында Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты КМҚК №184 бөбекжай-балабақшасында «Отбасы құндылығы — тәрбие негізі» атты ұлттық құндылықтар апталығы көп балалы ата-аналар арасында өтті. Апталықтың салтанатты ашылуына Наурызбай ауданының білім бөлімінің бас маманы Мәншүк Сапиевна Зеитова қатысты. Бағдарламаға сәйкес бірінші күні «Позитивті ата-ананың негізгі қағидаттары» — сайыс-жарысы болды. Екінші күні жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушілер арасында «Асық ату», «Күш сынасу», «Арқан тартыс», ...
Толығырақ »Табиғаттың бір кереметі
Жақында Алматы қаласы №97 бөбекжай-балабақшасында “Табиғаттың бір кереметі” тақырыбында семинар өтті. Семинарда балабақша ұжымы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білімі қоршаған әлемді сүюге, түсінуге, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу — семинардың басты мақсаты екенін айтты. Тәрбиешілер балалармен бірге табиғи және қалдық материалдардың түрлерін пайдаланып, қажетті заттар дайындап, олардан көрме ұйымдастырған. Семинар барысында балалар әртүрлі образда өнер көрсетті. Образдардың барлығы дерлік табиғатпен ...
Толығырақ »