Home » Балабақша » Алғыс айтылды

Алғыс айтылды

Кеше, 1 наурыз  — Алғыс айту күні мерекесіне орай  Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан № 78 бөбекжай-балабақшасында мерекелік іс-шара өтті.
Шарада Зада Тәліпқызы бастаған балабақша ұжымы келген қонақтарды ақ дастарханан дәм ұсынып қарсы алды. Іс-шараға арнайы шақырылған театр өнерпаздары әуелеген әндерімен мерекені қыздыра түсті.
— Біз бүгін балаларымызға өте қатты риза болдық, осыншама ізденіп, оны балаларға үйретіп көрермен назарына ұсынып отырған тәрбиешілеріге «Алғыс айту» күнінде үлкен алғыс білдіреміз. Мына жайылған дастарханан дәм таттық, бәрі керемет қазақылықтың иісі аңқып тұр,-деді Наталья Калиева есімді ата-ана.
Балабақша бүлдіршіндері «Алғыс айту» деген сөздің мағынасын терең түсінгендіктерін жіктеп айтып берді. Олар « атаға алғыс, анаға алғыс, әжеме алғыс, бәріңе алғыс! -деп дауыстап алғыс жаудырды.
— Құлпырған көктем мезгілімен тұспа-тұс келген мереке — Алғыс айту күні бүгін. Өзіміз шат шадыман күйдеміз. Тәрбиеленіп жатқан балаларға «алғыс» деген сөздің мағынасын ұғынып отыр. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтып жүруіміз керек,- деді шарада балабақша меңгерушісі Зада Әмірәлиева.
Шара барысында аналар жас келіндерге ұлттық тәлім-тәрбие туралы, адамзаттың бір-біріне деген сыйластықты арттыру жайында  әңгімелерімен бөлісті. «Қашан да сыйлы, құрметті болыңдар!,-деп ақ баталарын берді.

«Bilim Ainasy»,
Жұлдыз Елеукен,
Алматы қаласы

One comment

  1. Гүлмира

    Әркез сол көңіліміз шуақты,қуанышымыз сейілмей,нұрымыз күн шуағындай жарқыраған бейнемізбен осы періштелер арасында өмірге деген құштарлықпен денсаулықтың арқасында еңбегіміз еленіп жұмыс жасауды Алла нәсіп етсін. Сол 78 бала бақша ұжымына тәрбиешілерге табыс тілейміз. Алдағы увқытта әркез жақсылықтармен алда болайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.