Home » Мақалалар (page 414)

Мақалалар

Талапкер мектебінің тынысы 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты” атты Жолдауында атап көрсеткеніндей, білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Осының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Ұстаздықты екінің бірі атқара алмайды. Оның алдында әр күн сайын іздену, еңбектену, білімін толықтыру, уақытпен үндесу талабы тұрады. Осы тұрғыда өз ...

Толығырақ »

Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды  мектепке дейінгі ұйымдар қызметінде тиімді пайдалану

АКТ жүйесі — балаларды тәрбиелеу  мен оқыту, мектепке дайындау және  қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан компьютерлік сауаттылық-  оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттырады. Қазіргі оқыту процесі менеджментінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы басты мақсат – кішкентай балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Балаларда танымдық қызығушылықтың ...

Толығырақ »

Мамандығын тапқан мұғалім

Бүгін, біз жақсының жақсылығын айт жобасы бойынша «қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар» дегенді дәлелдей түсетін аудан байынша 2018 жылдың «үздік педагогы», ұлағатты ұстаз, аяулы ана жайында сөз тарқатпақпыз. Сұхбат барысында байқалған көзіндегі мейірімділік, мамандығына деген жанашырлық, жаңашылдыққа бейімділігі оқушылардың сапалы ...

Толығырақ »

Балабақша тәрбиенің алтын бесігі!

Тәрбие саласын бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыруды өз міндетіміз деп біліп, әр күнді балалармен қызықты өткізу үшін, түрлі жаңа заманауи технологиялар мен әдіс – тәсілдерді қолдануда біздің ұжым белсенділік танытуда. Тәрбиешілердің тәрбиелеу үрдісіне жаңа көз қараспен қарауы қуантарлық жайт. Көзі ашық көкірегі ояу педагогтар бірге отырып «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып болшақ ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда. Өскелен ...

Толығырақ »

Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны — тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің  дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау ...

Толығырақ »

Мұғалім болу – зор жауапкершілік

Әрі қиын, әрі қызықты мұғалімдік мамандықты таңдаған Марал Мурзагалиева осы жолды таңдағанына еш өкінген емес. Әрине, еңбек жолындағы кейбір болмашы қиындықтарға налығанымен, алдына келген білімге құштар шәкірттер оның барлығын лезде ұмыттырып жібереді. Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданындағы М.Қаналиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің математика пәнінің мұғалімі Марал Құмарқызы 1985 жылы сол кездегі А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕҢГЕРУЛЕРІ ТИІС

«Мәңгілік  Ел: бір ел — бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Медицина саласы қызметкерлері міндетті түрде ағылшын тілін меңгерулері керек», — деген болатын. Медицина қызметкерлері үшін ағылшын тілін меңгеру қазақстандық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып табылатыны мәлім. Ағылшын тілі медициналық туризмді дамыту, халықаралық ғылыми кеңестікке бірігу, дүниежүзілік медициналық ...

Толығырақ »

Республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Бүгін елордамызда үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірбиесін тарату мақсатында өтетін кезекті «2018 жылдың  үздік педагогі» деп танылған республикалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.  Мұғалімдер күніне тұспа-тұс, тоғыз жүз адамға арналған мерекелік іс-шара 2018 жылдың екінші қазаны Экспо аумағында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Білім және ғылым министрлігінің орта білім департаментінің бас сарапшысы Дүйсенбаева Айман Телманқызы: ...

Толығырақ »

Ұстаздарға мәңгі тағзым!

 Ұстаз-адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы»  деп ғажайып дүниенің  сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық  тұлғалар.  Ендеше  ұстаз білімнің  отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңіретін әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу, адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің ...

Толығырақ »

Үш тұғырлы тіл — бүгінгі заман талабы

 Бұл жерде ескеретін мәселе баршылық. Дүниежүзілік қауымдастықта Қазақстан өзінің лайықты орнын алу жолында басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени тығыз қарым-қатынасқа түсу барысында соған сәйкестелген тілдік саясатында да оңтайлы даму қажеттігі туындайды. Бүгінде Білім және ғылым министрлігі үш тілде оқытудың бағдарламасын жасап, оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жобасын дайындағаны баршаға белгілі. Үш тілде оқыту енді сөз жүзінде қалмай, оны мектепте оқудың пәндік ...

Толығырақ »