Home » Поэзия

Поэзия

Туған жер

Әр жанға ыстық екен туған елі, Қосамын әр күн сайын жырға сені. Ауаңды жұтқан сайын кеудем толып, Шаттық пен қауышамын тауға шығып, Гүл терем Алатаудың бөктерінде, Жүремін асқақ арман жетегінде. Кетсем де арман қуып басқа елге Сағынышпен оралам туған жерге. Сағынамын елімнің жанын да, Маңыраған малға толы жайлауын да Жырға қосам елімнің байлығын мен Мерейің үстем болсын жерім менің!   ...

Толығырақ »

Әпкеме тілек!

Туыла сала «Ыз»¹ болған, Арқадағыларға із болған. Бауырларым барым деп, Ойлағаны біз болған! Қаршадай ғанa кезінде, Жүрекке аздап сыз қонған. Күйдіріп бала қолдарын, Сынаққа сонда кез болған. Емдеуге Шымға келгенде Әкеммен бірге мен болғам. Тұрмыс құрып ертеден, Ойынға көңіл бермеп-ең. Мойымайтын сынаққа, Батыр-ең неткен терең-ең. Алысып небір сұмдықпен, Сөңілді-ау талай керегең! Басыңа қара бұлт қонған, Кеудеңе тас боп мұз тоңған. ...

Толығырақ »

Ұмытпайды ұрпағың

  Болмасада ежелден ақын атым, Өлең жазу кей кезде ата салтым. Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған анамыздың аманатын. Анамыз дүниеге алып келген, Бар бақытты біздерге алып берген, Бес баланың анасы атансамда, Кеңес беріп,бағыт пен бағдар берген. Анам менің, алтын анам айбыным, Айнадайың таза болсын айдының! Ұрпағынның бұзылмасын іргесі, Жақсылықпен бассын қадам ілгері! Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас, Әйтеуір кімде ...

Толығырақ »

Ұмытпайды ұрпағың, Әз ана

Ұмытпайды ұрпағың Болмасада ежелден ақын атым, Өлең жазу кей кезде ата салтым. Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған анамыздың аманатын. Анамыз дүниеге алып келген, Бар бақытты біздерге алып берген, Бес баланың анасы атансамда, Кеңес беріп, бағыт пен бағдар берген. Анам менің, алтын анам айбыным, Айнадайың таза болсын айдының! Ұрпағыңның бұзылмасын іргесі, Жақсылықпен бассын қадам ілгері! Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас, ...

Толығырақ »

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Жылдар өз ағымымымен алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған мәңгілік мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.    Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге өшпес мұра, естілмейтін құпия дауыстардан тұратын жұмбақ ақын. Кезінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Ақынмын деп қалай ...

Толығырақ »

Уа, алыбым!

(Жамбыл Жабаевқа)   Уа, алыбым, асқар таудай тірегім, Шын тіледің ел-жұртыңның тілегін. Он бес жаста даңқың шығып «Шағыммен» Туған жерге арнап соқты жүрегің.   Жүз жасаған терек санап өзіңді, Тамыр жайған елден алдың сөзіңді. Бұтақтарым – жырларым деп қарадың, Өсіп жатқан ұрпаққа сап көзіңді.   Қарапайым халық қамын ойладың. Тұңғиықтай тереңіне бойладың. Не көрсең де елмен бірге көрмек боп, Өміріңде ...

Толығырақ »

Сара апам

Сара апай ғажайыптың шебері, Ешбір адам оған жетпеді Себебі ол он сегіз мың ғаламда Жалғыз ғана адам мәңгі сезеді. Сезеді ол  жақсылықты мәңгілік Сезеді ол жазсақ дағы ән қылып Себебі ол ғажайыпты жаратты Себебі ол Сара апама тән қылық Өзін-өзі тану ешқашанда өшпейді, Оқығандар жамандықты кешпейді Бұны біліп ізгілікті болады, Бұны оқыған үлкен алдын кеспейді. Батырлық пен ақылдылық қос егіз ...

Толығырақ »

Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Қазақстан – алтын ордам, Отаным, Сүтпен сіңген бесігімде бұл ұғым. Қайырымды қанатыңның астында Арнаймын жыр сәлемін жазып бүгін.   Туған жерге ұқсатпаймын басқа ұяны, Тұлпарлардың дүбірлеген тас тұяғы Таусылмас жыр тарихқа куә болған Астана – азат елдің айбыны.   Астана – Отанымның тірегі, Астана – Еуразияның жүрегі, Елбасының тарихи қолтаңбасы Тәуелсіз қазағымның тілегі.   Асыл текті ата-баба арманы Қазақтың басына ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗДІК – АЗАТТЫҒЫМ, ЫРЫСЫМ

Егемендік – бұл елімнің елдігі, Егемендік – барлық ұлттың теңдігі. Егемендік елін, жерін қорғаған, Батыр бабаларымыздың ерлігі. Тәуелсіздік – азаттығым, ырысым, Қыран құстай самғап көкте тынысын. Қара шаңырақ аясына жиған, Тағдыры мен тектілігін ұлыстың. Жаратқан тәңір оятсын ұрпақ санасын, Ұлағат тұтар ұлықтары мен данасын. Баянды қылсын, егемен елдің ертеңін, Бақытты етсін, қазақтың әрбір баласын! Тәуелсіздік берік те болсын тұғырлы, Мемлекетіміз, ...

Толығырақ »

Түркістан облысы бойынша”Үздік өзін-өзін тану пәнінің мұғалімі” байқауына қатысушыларға арнау

Сәлем сөздің – анасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар, ер данасы. Бас жалпыңызға сәлем бердім, Сәлемнің де болады өз бағасы. Байқауда Ахметов Жарылқасын, Шаманың келгенінше алға бассын. Қазығұрт ауданынан келіп тұрмын, Өзгелер мына бізден шабыт алсын. Қазығұрттың басында кеме қалған, Көгінде жұлдыздары жарқыраған. Қазығұрттың тумасы өр келеді, Кез-келген қарсыластан тайсалмаған. Қазығұртты алашым құрметтейік, Құрметтеуді ешкімге үйретпейік. Адамзаттың бастауы Қазығұрттан, Алашым, Қазығұртты ...

Толығырақ »