Home » Жаңалықтар (page 9)

Жаңалықтар

Жаңа заман мектебі

Алматы қаласы, Медеу ауданы №98 жалпы білім беретін мектебінде қонақ болып қайттық. Бүгін біз тарихтың куәсі болдық. №98 жалпы білім беретін мектебі ғимаратының үшінші корпус (бөлігі) өздеріне қайтарылып, күрделі жөндеуден өтіп, бастауыш сыныптарға берілді. 2024-2025 оқу жылының алғашқы күнінде салтанатты түрде лентасы қиылып, оқушылар жаңа сыныптарында отырды.      ХХІ ғасырда мемлекеттер қара күшпен емес, біліммен, сол арқылы жеткен озық ...

Толығырақ »

Мектебім – мейірім мекенім..

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек “Білім күні” үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №208 мектеп-гимназиясында       «Мектебім – мейірім мекенім…» атты салтанатты жиыны өтті. Жиында 1756 білім алушы, 64 сынып комплектісімен сап түзеді. Оның ішінде 8 сынып комплектісімен 214 білім алушы мектеп табалдырығын аттады. Білім күні шын ...

Толығырақ »

1 қыркүйек білім күні

Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек білім күні «Мектебім- мейірім мекені»  1 қыркүйек — білім күні. Бұл күні мектеп оқушыларына алғашқы қоңырау дауысы естілді. 1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі! Осыған орай,  Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында «Мектебім- мейірім мекені» атты салтанатты жиын 1, 11- сынып оқушылары арасында өткізілді.        Салтанатты ...

Толығырақ »

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТАН БАСТАЛДЫ Тамыз айы басталғаннан ата-аналар жаңа оқу жылына дайындыққа қызу кірісіп кетеді. Оқушының мектеп формасы, оқу құралдары, спорттық киімі, сөмкесі, аяқ киімі, қысқасы, бұл науқанда қалтаны біраз қағуға тура келеді. Әрине, баласы үшін еш ата-ана аянып қалмасы анық. Барын салып, баласын ешкімнен кем қылмауға әрекет етеді. Қу тіршілік қос бүйірден қысқанда шарасыз күйге түсіп, баласын мектепке дайындай ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ Балалардың мектепке барар сәті жақындағанда ата-анадан маза қаша бастайды. Бағасы көтерілмесе түсе қоймайтын оқу құралдарын, мектеп формасын алуға баршаcsның қалтасы көтере бермейді. Бұл, әсіресе, көпбалалы, әлеуметтік күнкөріс деңгейі төмен отбасыларды шарасыз күйге түсіреді. Барын салып, баласын ешкімнен кем  қылғысы келмейтін ата-анаға Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйелі жүзеге асып келе жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы көмекке ...

Толығырақ »

Балабақшадағы жаз…

Балабақшадағы жаз… Жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі қолға алынатын маусымдық уақыт кезеңі. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы – олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Яғни, бала тек қана ойынмен  күнді жоспарламай, арнаулы шеберлігін шыңдауға бағытталған апталықтар мен сайыстарға қатыса отырып, өзінің жетістікке ...

Толығырақ »

ЖУРНАЛИСТИКА ПРОФЕССОРЫ  «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин «Құрмет» орденінің иегері атанды. Мұратбек Балқыбекұлы Тоқтағазин 1964 жылы 1 шілдеде Семей облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Октябрь орта мектебін бітіріп, сол жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Оны 1986 жылы тәмамдап, арнайы жолдамамен сол кездегі Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетіне қызметке ...

Толығырақ »

Жадырап жаз келді

Жадырап жаз келді Жадырап жаз келгелі бері балалардың көбі, балабақшадан тыс уақытта ата-аналарымен қыдырып, тынығып, демалып жүргендері айтпасақ та белгілі. Одан бөлек, Алматы қалалық білім басқарамасына қарасты, Түрксіб ауданында орналасқан №15 бөбекжай-балабақша ұжымы да бүлдіршіндерге арнап, түрлі тақырыптарда жазғы ойындар ұйымдастыруда. Балабақшада өткен әр мерекенің орыны ерекше. Тәрбиешілердің идеясынан туындаған әр түрлі тақырыпты қамтыған бүгінгі ойындар бүлдіршіндердің жанын жадыратып, көңілдерін ...

Толығырақ »

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ — КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Алматы қаласы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебінде “Кәсіптік бағдар” атты негізгі орта білім курсын аяқтаған білім алушыларға арналған оқу бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты-оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына жол ашып, оқу орындарымен таныстыру. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау ...

Толығырақ »