Home » Жаңалықтар (page 79)

Жаңалықтар

Республикалық Тамыз кеңесі On-line форматта

 Орынбасар Абусағитқызы Бегалина, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ 2020 жылғы 12 тамызда «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы республикалық Тамыз кеңесі аясында «Қашықтық форматында педагогтердің біліктілігін арттыру: жағдайы, проблемалары, келешегі» тақырыбында секция жұмысын ұйымдастырды. Секцияның пленарлық бөлімінің модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы. ...

Толығырақ »

АБАЙТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі     Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.   Осыған орай, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Абайтану» орталығы ашылды.     Орталықтың ашылу рәсімі білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Ашылу рәсімінде Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова «Zoom» бағдарламасы арқылы орталықтың ашылуымен онлайн құттықтап, кемеңгер ақынның он тоғызыншы ...

Толығырақ »

Жамбылдықтардың қайырымдылық істері жалғасын тапты

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі Елімізде індетке қатысты төтенше жағдай енгізілгелі дәрігерлер 24/7 режимінде жұмыс жасауда. Олардың бұл қызметтеріне қолғабыс етіп өңірдегі бірқатар колледж қызметкерлері мен еріктілері де бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқара бастады.       Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі Байзақ аудандық орталық ауруханасына өкпені жасанды желдету аппараттарын алу үшін мекеме есебінен 1 миллион теңге ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ  АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ  АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз қызметі Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев «Оттегі SOS» акциясына қатысып, белсенділік танытқан «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің директоры Айнұр Жексембинова мен осы оқу орнының құрылтайшысы Қанат Асқаровты Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаттымен марапаттады. — Бір ай бойы педагогтарымыз баллондарды толтыру орнында волонтерлер мен оттегіні жеткізуге қатысқандардың барлығына күніне екі мезгіл ...

Толығырақ »

Қазақстандық оқушылар 4 қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO). Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.   Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды. Олимпиада қорытындысы ...

Толығырақ »

Магистратура мен доктарантураға түсушілер үшін ақпарат: Құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылады

Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу бұрын-соңды мәлімделгендей 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады. Сондай-ақ докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады. ...

Толығырақ »

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталуы тиіс еді, бірақ елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты өтініштерді қабылдауды 20 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық ...

Толығырақ »

Қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Қазақстанның құрама командасы физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадаға қатысты. Жарыс қашықтық форматында өтті. Олимпиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 250 оқушы қатысты. Турнирге Қазақстанның атынан 5 конкурсант — 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық құраманың қоржынында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында – ...

Толығырақ »

Шымкент қаласында 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындық басталды

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Шымкент қаласының білім мекемелеріне 18 000 дана мектеп парталары алынып, жаңартылды . Сонымен қатар 11-сыныптарды оқулықтармен 100% қамту аясында және қалған сынып оқушыларын қосымша оқулықтармен қамтамасыз ету үшін баспалармен толық келісім — шартқа отырды .   Қазіргі таңда тапсырыс берілген оқулықтар мен оқу кешендерін білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Тасымалдау жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады. ...

Толығырақ »

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады. Қабылдауда өңір басшысына жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды. Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады. «Жұмыспен ...

Толығырақ »