Home » Жаңалықтар (page 258)

Жаңалықтар

ШӘКІРТТЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ, МЕРЕЙІМ

  Екібастұз қаласындағы С.Торайғыров атындағы № 22 гимназия мектебінің ашылғанына 2017 жылғы бірінші қыркүйекте 25 жыл болады. Мен осында мұғалімдік қызметімді ширек ғасырдан бері жалғастырып келемін. Мұғалім болу – менің бала күнгі арманым болатын… Сол арманымның орындалғанын және өз бойымдағы сөз өнеріне деген сүйіспеншілік сезімімді: Өнер жұқпас адамға жат адамнан, Сөз өнері дарыған ата-анамнан. Ұстаз ақын атанып жүрмін бүгін, Орындалып ...

Толығырақ »

Елбасы Жолдауы — болашақтың бағдары

Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынып келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты — елімізді жаһандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмылып жүзеге асыру міндетіміз болып табылады. Осы тұста биылғы Жолдаудың он бағытының ішінде әсіресе, жетіншісіне тоқталғымыз келіп отыр. Өйткені «Адами капитал–жаңғыру негізі» деп Елбасымыз атап ...

Толығырақ »

Жаңғырудың жарқын жолы

 №29 Керім Тленшин атындағы жалпы орта мектептің іргетасы 1966 жылдан бастау алады. Елу жылдан астам уақыт ішінде талай тұлғаны тұғырына қондырып, сансыз саңлақты самғатқан бұл қарашаңырақты бүгінде «Білім беру ісінің үздігі», білімді де білікті ұстаз Залиева Демегул Темирбекқызы басқарады. 2016-2017 оқу жылында үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен мектебіміздің мақтанышына айналған оқушымыз, «Алтын белгі» белгісіне үміткер Иманали Гүлсәуле Сабитқызы ұлттық бірыңғай тестілеуден ...

Толығырақ »

Есеп мазмұнын түрлендіру арқылы оқушыны сабаққа ынталандыру

Баршамызды қазіргі шәкірттеріміздің болашағы, мектебіміздің ертеңі қатты толғандырады. Қазіргі таңда өркениетті елдерде білім мен ғылымның орны ерекшеленіп, шешуші маңызға ие болып отырған кезде, Қазақстанның білім беру жүйесінің осы ағымға ілесуге ұмтылуы қандай дәрежеде? Біздің мектетердегі жағдай қандай? Неліктен менің жоғарғы сыныптарда оқып жүрген оқушыларым «шет мемлекеттен оқып, білімді шетелден алсам, ол менің жарқын болашағымның кепілі» деп санайды? Сағат сайын интеллектуалды өнімдер ...

Толығырақ »

Тәуелсіз еліміздің дамуының бір ерекшелігі – қоғам өміріндегі діннің нығаюы

Баршамызға белгілі соңғы уақыттарда дінге сенушілер саны көбеймесе азайған емес. Соның ішінде Қазақстан халқының 70 пайызға жуығы, ұстанатын асыл дініміз Исламның беделі арта түсуде. Дегенмен, соңғы жылдары қоғамымызды алаңдатқан түрлі атпен ел ішіне Ислам атын жамылып ірткі салып жүрген Исламға қарсы, Құран мен Сүннетке және ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабына сай келмейтін бидғаттар мен бос ...

Толығырақ »

«Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар-тренингі

Қызылорда облысы Жаңақорған кенті №56 қазақ орта мектебінде 2018 жылдың 26 қаңтары күні республикалық «Білім айнасы» газетінің қызметкері Ботагөз Маратқызы семинар-тренинг ұйымдастырды. Алдымен бұл жобаның «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Қатшабаевтың басшылығымен жүзеге асырылып отырғанын, мұғалімдер үшін тиімділігін  айтып өтті. Тренингке мектеп ұжымы белсене қатысты. Өйткені семинар ұстаздар үшін маңыздылығымен құнды болды. Семинар барысында Б.Маратқызы «Білім айнасы» газетінің қызметімен таныстыра ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім бастауы балабақшада

Бүгінгі таңда Қазақстанның білім берудегі жүйелі жұмыстар қарқынды дамуда. Бастауы тура, мақсаты айқын міндеттері жоспарлы білім саласында жеткен жетістіктер мен жүйелі жұмыстар аз емес. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында білім саласына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Себебі білімді ұрпақ ел болашағы деп білім саласына басты назар аударып отыр. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында қалалық білім бөлімінің тапсырмасымен мектепке дейінгі мемлекеттік және жеке ...

Толығырақ »

Елбасы жолдауы – көрегендіктің айғағы

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың жаңа Жолдауы — егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат. Бұл құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тəуелсіз елімізді дамытудың, әрбір азаматтың, əрбір отбасының, жастардың жəне келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мен білім саласында қызмет ететін болғандықтан, Жолдауда білім беру саласының ...

Толығырақ »

Ұстаз бен оқушының тілі ортақ

Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат Қарағанды облысында үш тілді білім беруді алғаш болып қолға алған білім ошағы. Кілең білікті ұстаздар командасы қалыптасқан бұл мектептегі беделді мұғалімнің бірі Викторов Виталий Владимирович. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қос тілді меңгеріп шыққан. Алғаш еңбек жолын 2010 жылы Н.Нұрмақов мектебінде бастаған Виталий сегіз жылда өзін сан қырынан таныта білді. Бірнеше тілді еркін ...

Толығырақ »

Жолдау жүктеген жетінші міндет

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударған.Білім саласындағы қабілеттілікті қарыштату, мұғалімдер жалақысын жақсарту, біліктілікті растау. Бұл саладағы атқарылуы тиіс міндеттерді сатылай тарқатқан Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларды ғаламтор арқылы қолжетімді ету жайты айтылды.Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім деңгейін теңестіруге ...

Толығырақ »