Home » Жаңалықтар (page 248)

Жаңалықтар

№68 мектеп оқушылары халықаралық конкурсқа қатысты

Қарағандыда 30-31 наурызда «ROBOLAND 2018» IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде Астана қаласы №68 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушылары «механикалық сумо категориясы» бойынша Есімсейіт Қалдыбек пен  Есенғали Диас II орынды жеңіп алса, ал «интелектуалды сумо категориясы» бойынша Жанбеков Сәттімбек пен Нұрман Арман  II орынды иеленді. Оқушылардың жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Толқын  Жақсылық пен Кенебаева Салтанаттың еңбегі зор. Бұл ...

Толығырақ »

Қаржылық сауаттылық – жарқын болашақтың кепілі

Құнды қағаздар, қор нарығы, акция, дивиденд, инвестиция, қаржылық сауаттылық, брокер дегеніміз не? Бұл сұрақтар кім-кімді болсын қызықтырары сөзсіз, алайда кеңінен түсіндіре алатын тек қаржы саласының мамандары деген пікір қалыптасқаны белгілі. Бірақ, мұндай пікірмен келіспейтіндер де бар. Қоғамда түрлі жағдайлар орын алуда. Әсіресе адамдарды қаржылай пирамидаға тартып, несие алып береміз деп сан соқтырып жүргендері қаншама? Алайда алаяқтардың құрығына ілікпей үйде отырып-ақ ...

Толығырақ »

ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРА МА?

Таяуда Павлодар облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен, Успен аграрлық-техникалық колледжінде «Ауылшаруашылық машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеуші» құзыреттілігі бойынша алғаш рет «WorldSkills-Kazakhstan-Pavlodar – 2018» аймақтық чемпионаты өткізілді. Байқауға Павлодар облысының аграрлық-техникалық колледждерінің тоғыз өкілі қатысты: Ақтоғай, Ертіс, Железин, Қашыр, Красноармейка, Лебяжі, Май, Успен, Шарбақты. Чемпионаттың мақсаты: экономикалық мамандықтар мен жеке жетістіктерге арналған құзыреттіліктердің маңыздылығын көрсететін ең жақсы тәжірибені үйлестіру арқылы кәсіптік мамандықтардың ...

Толығырақ »

Тарт күйіңді, домбыра!

Петропавл қаласында ұйымдастырылған І аймақтық «Күй тартыс» байқауы өнерлі жастарды табыстырды. Елбасымыздың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша «Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тәтті күй» тақырыбында І аймақтық күй тартыс Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының дарынды балаларға мамандандырылған өнер мектептері мен коллеждерінің жастары өз өнерлерін  сынға салды. Атадан балаға мирас болып келе жатқан үлкен ...

Толығырақ »

Ұстазым менің, ұстазым!

(Суретте — ұстазым Рыскүл Досымова) Жыл сайын қашанда алғашқы және соңғы қоңырау соғылғанда «Ұстазым менің, менің ұстазым» деген әсем ән мектеп дәліздерінен естуге болады. Жалпы өнер жұлдыздары қашанда осы ардақты әнді естен шығарған емес. Сөзі  А.Шамкенов, әні Ә.Еспаев ағаларымыздың еңбегімен дүниеге келген ән әрқашан жүректерімізге нұр ұялатады. Көз алдымызға сан жылдар білім мен тәрбие нәрін сепкен аяулы жандарымыз келетіні рас. ...

Толығырақ »

Оралда №48 мектеп ашылды

Үстіміздегі жылдың 2-сәуірінде Орал қаласындағы Деркөл шағынауданында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. ЖОББ №48 мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушылардың қуанышына ортақтасты. Елбасының білім саласына қамқорлығы ерекше екенін атап өткен облыс басшысы Алтай Сейдірұлы: – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ...

Толығырақ »

Тәлімі жақсының – тәлімгері жақсы

Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ. Сондай-ақ, тәлімгерлерді бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары ...

Толығырақ »

Lesson Study — мұғалімнің шығармашылық алаңы

Қарағанды қаласында өткізілген «Зерттеу жобаларын жүзеге асыру арқылы Қарағанды облысының педагогтарына курстан кейінгі қолдау көрсету» семинарының екінші күні Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Қарағанды қаласындағы филиалының  директоры О.Г. Сурначева мен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры С.А. Сұлтанов  өзара келісім шартқа отырып, Lesson Study жобасын мектепте іс-жүзінде жургізуге келіскен болатын. Қарағанды облысының Білім басқармасының ...

Толығырақ »

Жеңімпаздарға – шипажайға жолдама

Жуырда Оралда Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – кәсіподақ  ұйымдарының жұмысын жетілдіру және  бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы шақырумен ...

Толығырақ »

Жаңашыл бағыттағы жас мамандар

Білім үйрен, керексізден жирен де, білгеніңді қорлама ұсақ күйбеңге! -демекші, іздену мен зерттеу нәтижесіндегі алған білімін  басқалармен бөлісу жас мамандардың көрегенділігі. «Ертеңін ойлайтын, болашағына үмітпен қарайтын көшпелі ел ең алдымен ұрпақ тәрбиесіне, біліміне ерекше назар аударады», — деп Елбасымыз  Н.Назарбаев айтқандай, еліміздің елеулі азаматтарын тәрбиелеуде  талаптан тысқары қалмай, белсенділік танытып жатқан Оңтүстік Қазақстан Облысындағы Ордабасы ауданы. Аудандық білім бөлімінің 29.01.2018 ...

Толығырақ »