Консультациялық пункт- бала, ата-ана, педагогтардың өзара ынтымақтастығы Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, яғни ынтымақтаста болуы маңызды. Консультациялық пункттер ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ұлттық құндылықтар — бала тәрбиесінің қайнар көзі
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Бұл бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Осы мақсатта Алматы ...
Толығырақ »ӨРЕНДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНЕГЕЛІ КЕШ
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алатау ауданындағы №165 бөбекжай-балабақшада қазыналы қарттар мен бал-бұл жанған бүлдіршіндердің арасында ерекше форматтағы іс-шара өтті. Ұрпақтар сабақтастығының жарасым тапқан жарқын көрінісіндей болған кеш «Қарттарым – асыл қазынам» деп аталып, оған Ұлжан ауылдық ардагерлер ұйымының мүшелері қонақ болып қатысты. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлау дағдысын қалыптастырып, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеуге негізделген кеш ...
Толығырақ »ҮЗДІК ҰСТАЗДАН – ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейінде Білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Үздік ұстаздан-үздік тәжірибе» атты қалалық семинар өтті. Семинардың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегі елімізге белгілі ұстаз, Қазақстанның білім саласындағы алғашқы Еңбек ері Аягүл Миразоваға берілді. Лицейдің бүгінгі даму мен жаңғыру жолы, тыныс-тіршілігі туралы «Құрмет» орденінің иегері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 2014 жылдың «Үздік педагогы», №178 мамандандырылған лицей директоры ...
Толығырақ »МЕКТЕП ОҚУЛЫҒЫ: АВТОРДАН — ОҚУШЫҒА ДЕЙІН
Қоғамда мектеп оқулықтарының күрделенуіне, сапасына және салмағына қатысты сын-пікірлер жиі айтылып жүргенмен, әр адам осы оқулықты әзірлеудің бастапқы сатысында қоғамдық талқылауға қатысып, өз үлесін қоса алатынын біле бермейміз. Сондай-ақ, оқулықтар ұсынылмас бұрын қандай кезеңдерден өтетініне де көңіл бөлмейміз. Осы орайда мектеп оқулықтарына қатысты сананы жаулаған сан сауалдардың жауабын алу үшін Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау ...
Толығырақ »Сатира сардары Шона Смаханұлына – 100 жыл
Тіл жанашыры, қайраткерлігімен, қаламгерлігімен танылған тұлғалардың бірі – Шона Смаханұлының туғанына биыл 100 жыл толады. Алматы қаласында №62 гимназия Шона Смаханұлы есімімен аталаған. Тұлғаның мерейтойына байланысты аталған гимназияда ісшаралар басталып кетті. Ең басты мақсаты – сатирик ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ұстаздың барлық қырымен, қаламгерлігімен және тіл жанашыры ретінде жасаған өлшеусіз еңбектерімен оқушыларды таныстыру болатын. Ол қазақ тілі мен әдебиеті кафедра ...
Толығырақ »Білімдіге дүние жарық
Білімдінің сөзін тыңда Айтқанын үйрен, іске асыр (Махмуд Қашғари) Білімдіге дүние жарық Бүгін Талғар қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінде «Оқушылардың ғылыми зерттеу іс-әрекетін үйымдастыру» атты коучинг өтті. Коуч жүргізуші-спикерлердің тәжірибесі мол, білім шеңберіндегі білікті мамандар:Әбділда Айжан, Алимова Роза, Нүсіп Бану, Мухамедиева Раушан. Коуч барысында, біліммен ғылымның жаһандық бәсеге қабілетін арттыру-негізгі мақсат екенін дәлелдермен ...
Толығырақ »Қарттарым-қазынам
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №60 гимназияның ұстаздары мен шәкірттері “Қамқор” қарттар үйіне барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Қарттар айына» орайластырып ұйымдастырылды және мектеп ұжымы биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесуден бастауды жөн санаған екен. Балалардың келгеніне қатты қуанып қалған қарттар мен мекеме қызметкерлері риза болып, жақсы көңіл-күйде қуана қарсы алып алды. Оқушылар қарияларға амандасып, халдарын сұрап, өздері дайындап ...
Толығырақ »Іс-тәжрибе алмасу семинары өтті
Жуырда Алматы қаласы білім басқармасына қарасты No 198 мектеп-гимназиясы 10 жылдық мерей тойын атап өту және іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Оған аудан мектептерінің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ардагер ұстаздар қатысты. Қонақтар кітапханаға жайғасып, өзін-өзі басқару қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзін-өзі басқарудың басты ұстанымы – бірлік екенін айтып, оқушыны адалдыққа, шығармашылыққа баулуға қатысты өз көзқарастары мен ой- пікірлерін ортаға ...
Толығырақ »Менің Отаным – Қазақстан!
Алматы қаласы, Бостандық ауданы Nº 99 бөбекжай- балабақшасы Республика күнін атап өтті. Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. «Республика» сөзі латын тілінде «ортақ іс» деген мағына беретіні баршамызға белгілі. Бір сөзбен айтқанда, Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды. Міне бүгін осындай ұлттық мерекені ...
Толығырақ »