Home » Жаңалықтар (page 194)

Жаңалықтар

ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР САЙЫСЫ

Жақында Павлодар ауданының Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы аясында және ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, аудан мектептері арасында «Ең үздік сынып жетекшісі» атты сайыс өтті. Мақсаты: орта мектептердегі тәрбие берудің деңгейін жақсарту, сынып жетекшінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушыларды Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Сейтқазина Гүлнар Құсайынқызы құттықтады. Ол осындай іс-шаралардың көптеп өткізіліп жатқанына ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтауда, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушілері, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері мен педагогтар  қатынасты. Семинар жұмысы  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ...

Толығырақ »

«Баларман» балабақшасындағы емле диктанты

Елбасының  қазақ тілі әліпбиінің  латын  графикасына кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі  іс-шара  жоспарына  сәйкес  елімізде тұғыш рет ұйымдастырылып  отырған  жалпыұлттық  диктант  бүгін  Қызылорда қаласы білім  бөлімінің  «Баларман» балабақшасы  КҚМК-да ұйымдастырылды. Жалпыхалықтық диктантқа  балабақшаның  39 қызметкері қатысып, латын тілінде бір мезетте диктант жазып  латын тілінде бақтарын сынады. Қатысушы  қызметкерлер  еркін түрде диктант жазып  белсенділік көрсетті. Диктант жазу барысында арнайы ережеге сай  диктант жазу ...

Толығырақ »

 «Есімі ел есінде сақталады» Мұражай сабақ

Бүгін 15 қараша күні Сырым ауданы Алғабас ауылында М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп-балабақша кешенінің 4-сынып мұғалімдері Қырмызы Жұқалтайқызы мен Инабат Ергенқызы  15 қараша  Молдаш Қаналиевтің туған күніне орай  «Мұражайдағы бір сабақ» атты танымдық сабақ өткізді.Сабақ  мақсаты: Оқушыларға Молдаш  Қаналиевтің өмір жолы мен  ел  ішіндегі атқарған игі істерін түсіндіру, насихаттау.  Мектеп тәлімгері  мұражайдың мақсаты мен атқаратын қызметі туралы да айта келіп, ...

Толығырақ »

«Қыздарым қызғалдағым» өнеге сағаты

Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т.б. түрі: Кездесу Шақырылған қонақтар тізімі: Алтын алқа иегері, көп балалы ана, кітап авторы ақын Сақыпжамал Өксікбайқызы Балалар ...

Толығырақ »

  Мектеп мақтанышы

«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің талантты да дарынды оқушылары Қарағанды облысында өткен II Республикалық «Жас толқын» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Байқауға қатысқан оқушылар әр түрлі бағыт бойынша бақ сынасты. Атап айтсақ, Көркем сөз номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Испандияр Нұрдаулет бас жүлдені иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ағыбаева Самал Оразқызы. Көркем сөз номинациясы бойынша 4 сынып ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ  

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» ұжымы және курстар тыңдаушылары тұңғыш латынша жалпыхалықтық диктант  жазуға қатысты. Жалпыреспубликалық  акция мақсаты: қоғам қазақ тілінің жаңа графикасын  қабылдағанын  талдау және латын негізді қазақ әліпбиін насихаттау мен кеңінен таратуға бағытталған. Диктант 14 қараша күні сағат 11.00-де  республиканың барлық аймақтарында бекітілген мәтін бойынша өтті.  Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: ...

Толығырақ »

Өңірлік жұмыс тобының отырысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Қостанай облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері А.Н. Мускина, Н.С. Истомина «Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы» ММ өткізген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдерісімен біріктіру жобасын іске асыру жөніндегі өңірлік топ отырысына қатысты. Отырыс мақсаты жобаны облыстың пилоттық ұйымдарында іске асыру бойынша өзекті мәселелерді қарастыру болды. Отырысқа Тобыл № 2 ...

Толығырақ »

Туған жерді жырлаймыз

Тарихы терең, табиғаты әсем, аты аңызға айналған ауылымыздың Мәдениет үйінде қараша айының 9-ы күні «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жерді жырлаймыз» атты іс-шара ұйымдастырылып өтті. Кітапхана меңгерушісі  Мәншүк Жолдығалиқызының  басшылығымен шараға мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Шара Мәншүк апайдың оқушыларды туған жерді құрметтеуге шақыру, Отанды сүюге дәріптеу сөздерімен бастау алды. Шара барысында кітапханашы Фариза Салауатқызы оқушыларға туған ...

Толығырақ »

Тұңғыш латын тіліндегі  диктант

 Бүгін  елімізде  тұңғыш рет  2018 жылы   қазақ тілі әліпбиін латын графикасына   2025  жылға  дейін  кезең-кезеңімен  көшіру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  республика  бойынша бір мезетте  жалпыхалықтық  диктант жазу ұйымдастырылды.  Жалпыхалықтық диктант жазуға   жасы 15 жастан  асқан   еліміздегі  барлық азаматтар  қатысып, арнайы орындарда  және мекемелерде  диктант жазды. Жалпыхалықтық  диктант  жазудың  негізгі  мақсаты — латын  негізді  қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ...

Толығырақ »