Home » Жаңалықтар » Тәуелсіздігіміз мәңгілік!

Тәуелсіздігіміз мәңгілік!

Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Бүгінде партиялық жобалар мектептерде қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бұл игі бағдарламалардың басты мақсаты – Қазақстанның интеллектуалдық, эко­номикалық, саяси және рухани жаң­ғыруының оқушы санасында дарып, дамуының тиімді тетігін қалыптастыру.
Алматы қаласы Жетісу ауданы «№ 102 ЖББМ» КММ-де Тәуелсіздік мерекесіне орай  Жетісу аудандық Білім бөлімімен қатар Жетісу аудандық «Нұр Отан» партиясы жоспарларына сай бірқатар іс-шаралар өттуде.  Атап айтсақ «Нұр Отан» париясы Жетісу аудандық филиалы төрағасы және Жетісу ауданы әкімі М.И. Тәжібаев, «Нұр Отан» париясы  Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омаров М.С. қолдауымен егемен еліміздің ең ұлық мерекесі қарсаңында мектебімізде «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында еңбек, соғыс ардагерлері Синенко  Г.Г. апамызды мерейлі 90 жасымен құттықтап, сый-құрмет көрсетсе, ұстаздардың ұстазы, Қазақстан еңбек ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының маңдай алды көрнекті педагогы- Миразова Аягуль Төреқызы туралы сынып және тәрбие сағаттары өтті. Тәуелсіздік мерекесіне арналған жалпы мектептік сынып сағаттары болып өтті.

Ал «Жастар- Отанға» жобасы аясында «Тәуелсіздік тағылымы» атты үш тілде мәнерлеп оқу байқауы, «Партиоттық әндер» байқауы  және  Тәуелсіздік күніне орай «Табиғатқа деген игі бастамам» аудандық шара аясында мектебіміз «Адал Ұрпақ»   ерікті мектеп клубының белсенді мүшелері ағаштан құстың ұяларын жасап, мектеп ауласындағы  қарағайларға орналастырды.«Бақытты отбасы» жобасы, «Дәстүр» концепциясы аясында ата-аналардың қатысуымен «Отан отбасынан басталады» тақырыбында флешмоб болып өтті.

«№102 ЖББМ» КММ Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды.Ұжым мүшелері мақаладағы айтылған мәселелер ұлттық сана-сезімнің жоғарылауына ықпал ететін өзекті мәселелер деп оң бағасын беріп, Елбасының бұл бастамасын әрдайым қолдайтынын білдірді.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы да – Қазақстанның дамуына, әлемдік көшке ілесуіне негіз болатын басым бағыт. Сондықтан мектебімізде жүріп жатқан білім беру мен тәрбие саласындағы іс-шаралар уақытылы әлеуметтік желілерде жарық көруде. «Ернар» бастауыш партия ұйымы жұмыстарыда  бұл бағдарламаны жүзеге асыруда өз бас­тамаларымен көзге көрінуде.

Осындай басым бағыттарды жүзеге асыруда белсенділік көрсетіп келе жатқан «№102 ЖБММ» ұжымының  еңбегі ерен. Баршамыз еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуге тиіспіз!

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ауэлбекова Г.У.

 Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Альжанова П.Д.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.