Home » Жаңалықтар (page 171)

Жаңалықтар

Ұлыстың ұлы күні

Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын Шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден ...

Толығырақ »

Самұрықтың ұясындағы ұлық мереке

Қазақтың сайын даласына «Ұлыстың ұлы күні» де келіп жетті. Алты айға жуық ақ көрпеге оранатын Арқада қардың көбесі сөгіле бастады. Ақ сақалын желбіретіп, демімен ақ қар мен аяз бүріккен қыс қария шапанының етегін жиып, жаңарудың жаршысы  ару көктемге орнын босатып, терістікке беттегендей. Күн менен түн теңеліп, «ұзын сары» аяқталуға жақындады. Қала ішіндегі қара жолдың бетіне су иіріле бастады. Сөйтіп Сарыарқаның ...

Толығырақ »

Елбасы есімі

Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл-көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Әділеттің ақ жолын ту етіп елінің, егемендігін, ынтымақтықты, тұтастықты, ...

Толығырақ »

Сақталсын қазағымның дәстүрі

Астана қаласы № 65 «Бал бала» балабақшасында ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көне құндылықтарын  бүлдіршіндерге жеткізу мақсатында ересек, даярлық топтарының арасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Сақталсын қазағымның дәстүрі» атты мерекелік сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан балалар «Үздік ұлттық киім», «Көрермен көзайымы», «Сымбатты жігіт» т.б. номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, балалар өз өнерлерін көрермендерге тарту етіп қуанышқа бөледі.   Ахметова Зауре ...

Толығырақ »

Балам — менің бақытым

Бала — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер анадан тарайды. Астана қаласы №65 «Бал-бала» балабақшасында «Балам — менің бақытым» атты ата-аналардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. 430 ға жуық бүлдіршіні бар балабақшаның тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтарды тәнті етті. Меңгеруші Диханбаева Гуляим Егинбаевна аяулы аналарды мерекесімен құттықтап, іс-шараны ашып берді. Ары қарай Талғатбек Ақбөпе мен Сабирова Мединаның ...

Толығырақ »

Армысың әз-Наурыз

Астана қаласы  № 65 «Бал  бала» балабақшасында  ересек, даярлық топтарының арасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Армысың әз-Наурыз!» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікте балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық ойындар ойнады, сонымен қатар ұлттық билері мен мерекеге арналған тақпақтар орындап, ән шырқап, ата-аналарына керемет көңіл күй сыйлады. Мерекенің соңы мерекелік дастархан жайылып балалар ұлттық тағамдардан дәм татты.   Диханбаева Гуляим ...

Толығырақ »

Қауіпсіздік сақтаудағы сенің бестігің

Акция Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәліметі бойынша, «Қауіпсіздік сақтаудағы сенің бестігің» алғашқы акциясы №17 мектеп базасында ішкі істер қызметкерлерімен өткен. Тәртіп сақшылары оқушыларға жол ережелерін сақтау, денсаулық пен өмір қауіпсіздігіне назар аудару жолдарын ойын түрінде түсіндіріп, бейтаныс адамдардың кез келген ұсынысынан бас тарту керектігін, мектепке барар кезде қауіпсіз көлікті таңдау, ережелерді сақтау шарттарын да түсіндірген. Полицияның жас көмекшілер жасағы ...

Толығырақ »

Дәстүрлі волейбол турнирі өз мәресіне жетті

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ата-аналары арасында дәстүрлі волейбол турнирінің бесінші кезеңі биыл Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған гимназия мектебінде өтті. Аталмыш іс-шараға ата-аналар және Еуразия энергетикалық корпорациясы қолдау көрсетті. Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы, ата-аналар кеңесінің төрағасы Ғалым Мағауұлы, аталмыш гимназия директорының міндетін атқарушы Дюсембаев Аскербек Құлтайұлы қатысты. Қадірлі меймандар дәстүрге ...

Толығырақ »

Мерекенің бастауы- қуаныш тойы Наурыз!

Қуаныш пен өнердің, үміт пен арманның орындалар ордасы- ерекше балаларға арналған Астана қаласы әкімдігінің №64 «Асылбөбек» балабақшасы. «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» деген Ұлы Абайдың бір ауыз сөзі игі істердің басында жүрген аталмыш балабақшаның меңгерушісі Мукашева Жанар Изтолеуовна басқарған қамқорлық жасаудан қашпайтын осы бір ұжымға арналғандай…. Мейірімге  толы жүздері,  қамқорлықпен жанашырлыққа үйретер үлгілі істерімен назарымызды өздеріне бұрған бұл ұжым ...

Толығырақ »

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің тұсауы кесілді

Қазақтың арда ұлдарының бірі айтыскер ақын, аудармашы, драматург Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында  бүршігін жаңа жарып, көктемдей құлпырып келе жатқан жастардың қауызын аршуға арналған жас ақындар мектебінің тұсауы кесілді. Ақындар мектебінің лентасын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы мен Айтыскерлер және жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман  қиды. ...

Толығырақ »