Home » Жаңалықтар » КӨКШЕТАУДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

КӨКШЕТАУДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Біржан сал атындағы музыкалық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы қарсаңында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» дәстүрлі облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу және қолдау.

«Қасиетті домбыра» байқауына Аққөл, Бұланды, Біржан сал, Бурабай, Есіл, Жақсы, Зеренді, Целиноград, Қорғалжын аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 40-тан астам домбырашылар қатысты.

Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының домбыра студиясының жетекшісі Гүлфруза Абжанова және Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, домбырашы Бауыржан Балтин сайысқа қазылық етті.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды: «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік термеші».

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан І жас санаты бойынша «Үздік күйші» номинациясының жеңімпазы Есіл ауданының оқушысы Рахат Жанахмет, жетекшісі Саим Базгалеев, орындаған күйлері: «Жұмыр қылыш» және «Күлтегін». ІІ жас санаты бойынша «Үздік күйші» номинациясының жеңімпазы Есіл ауданының оқушысы Ислам Бақтыбек, жетекшісі Нағима Хасенова, орындаған күйлері: «Көк ала ат», «Көпжасар». І жас санаты бойынша «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының жеңімпазы Біржан сал ауданының оқушысы Әнәс Иманғазы, жетекшісі Жеңіс Алжанов, орындаған әні «Сайра бұлбұлым». ІІ жас санаты бойынша «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясының жеңімпазы Целиноград ауданының оқушысы Саяхат Анарбекұлы, жетекшісі Ләлә Сіләнбек, орындаған әні «Сарыжайлау».

Ақмола облысы
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.