Жаңа оқу жылы Ж.Досмұхамедов атындағы Орал жоғары педагогикалық колледжі студенттері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Колледж «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен пилоттық жобаға қосылды деп мәлімдейді Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. Республикадағы педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша алғашқы жоба «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізуге бағытталған болатын. Жаңа оқу жылының алғашқы күні І ...
Толығырақ »Жаңалықтар
НЗМ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Екі жылдан бері Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған атаулы күнді Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі түрлі шаралар мен қабырға газеті байқауымен атап өтті. Таңертеңгі уақытта тілдер бірлестігінің мұғалімдері оқушыларға арнап танымдық ойындар ұйымдастырды. Мектеп алдында тұрып,келушілерді қарсы алған 11-сынып оқушылары неміс тілінде онлайн-викторина өткізсе, сегізінші сынып оқушылары орыс тілінде қызықты ойындар арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырды. Тағы бір топ ...
Толығырақ »Ақтаудағы мектеп күн станциясы іске қосылды
Бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты. Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді. Күн ...
Толығырақ »Экология және денсаулық
Жуырда Семей қаласында «Экология. Радиация. Денсаулық» атты XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алдымен Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыка-драмалық театрында пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Шараны ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров және Семей медициналық университетінің ректоры Ерсін Жүнісов жүргізіп отырды. Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік, клиникалық медицинаның өзекті мәселелері, медицинадағы зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы мәселелері, экологиялық жағынан сәтсіз аумақтарда тұратын тұрғындардың науқастануын ...
Толығырақ »Ақ Жайықта алып ескерткіш ашылды
Оралда «Қала күні» мерекесі аясында тұрғындар мен шаһар қонақтары айтулы тарихи сәттің куәсі болды. Ол – қазақтың қос батыры Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына арналған алып ескерткіштің ашылуы еді. Осынау рухани шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, Атырау облысы мен Ресей елінен келген меймандар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты. Өрлік пен ...
Толығырақ »ЖАҺАНДАНҒАН ӘЛЕМДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
«ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ МИССИЯСЫ: 6 қыркүйекте М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Елбасының тарихи миссиясы: жаhанданған әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» кешенді көшпелі көрме жобасының маңызды бір бөлігі болып табылады. Оған Тараз қаласы мен шетелдік (Германия, Португалия, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б.) жоғарғы оқу орындарының ...
Толығырақ »«Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖОБАСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА. ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТАНЫСТЫ
3 қыркүйекте Қордай ауданы Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті. Оның шымылдығын ашқан Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов жергілікті тұрғындарды «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен қысқаша таныстырды: – Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының аясында сіздерге арнап «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасына тақырыптық экскурсиялар дайындады. Сіздерге арнайы ...
Толығырақ »Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысында болды
Қыркүйектің 4-і күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин келді. Үкімет басшысы сапар барысында облыс әкімі Ғали Есқалиевпен бірге бірқатар өндіріс орындары мен оқу орындарын аралады. Сонымен бірге «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының өңірде мақсатты жүзеге асырылуына баса мән берді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс саласына биыл 13 млрд. теңге бөлінген. Қазір 12 көпқабатты үйдің құрылысы ...
Толығырақ »Асқар Мамин Орал колледжіндегі жобамен танысты
Қыркүйектің 4-і күні Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Орал жоғары аграрлық-технологиялық колледжінде болып, цифрландыру жобасымен танысты. Бұл ретте аталған оқу орнының оқытушысы Руслан Махметов BIM технологиясын оқу әрекетіне енгізу тетіктеріне тоқталды. – Бұл – курстық жұмыс есебінде студенттермен бірге жасақталған «Жатақхана» жобасы. Жоба қолданылған материалдардың толық базасын және жобалау кезеңінде қабылданған шешімдерді сақтауға мүмкіндік беретін ...
Толығырақ »ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР БІЛІМ РЕЙТИНГІСІНДЕ АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА
Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша қызылордалық зияткерлер Информатика және Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 20 зияткерлік мектептер арасында көш бастап тұр. Ал бітіруші сынып оқушыларын сыртқы суммативті бағалау қорытындысы бойынша мектеп білім рейтінгісінде алтыншы орынға шықты. Педагогикалық кеңесте мұғалімдер сыртқы суммативті бағалау қорытындысына сараптама жүргізіп, жаңа жылда білім көрсеткіштерін арттыру бағытындағы жұмыстарын айқындап ...
Толығырақ »