Home » Жаңалықтар (page 119)

Жаңалықтар

Педагогикалық идеялар фестивалі

Мұғалім кәсіби дайын болса да, ол өзінің жеке қасиеттерін үнемі жетілдіруге, кәсіби деңгейін арттыруға міндетті. Өзінің шығармашылық деңгейін, құзыреттілік деңгейін арттыру үшін алынатын ақпараттың көлемін, жұмыстың қолданылатын нысандары мен әдістерінің санын арттыру ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі дамытуға жүйелі түрде ынталандыратын жағдайлар жасау қажет. Кәсіби шеберлік байқаулары, өз күшіне сенімділік тудырады, ішкі ресурстарды жұмылдыруды, уақытты дәл есептеуді, үлкен ...

Толығырақ »

Оралдағы Зияткерлік мектепте күн станциясы іске қосылды

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты. Қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағына «Шелл» компаниясы қуаты 100 Квт/сағ. фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер ...

Толығырақ »

Жақсы адаммен өткен жарты сағат…

Жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жаманмен өткізген мың күнге татымас дейді ғой. Алла нәсіп еткен ғибратқа толы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу мен шығармашылыққа арнаған ақын, ұстаз Әкім Ысқақ оқушылармен кездесті. N42 орта мектепте ұйымдастырған әдеби-сазды кеш «Күн ұлымын» деген атпен өтті. Мектептің талантты оқушылары ақының өмірі мен өлеңдері, ой-толғамдары жайында түйгендерін ортаға салып, жырларын жатқа оқыды. Көкейлерінде жүрген, өздерін қызықтырған көп ...

Толығырақ »

Өз биігіне ұмтылушы ұғымтал шәкірт

«BILIM AINASY» республикалық газетінің тілшілері «Жеті сауал» жобасының сауалнама сұрақтарына жауап алу мақсатында қала мектептерін аралауын тоқтатқан жоқ. Бұл жолы «№74 мектеп-гимназясына» бас сұқты. Мектептің бүгінгі өміріне, жаңалықтарына куә болып, сауалнама сұрақтарына жауап алып қоймай, үздік оқушыларымен де танысты. Сондай алғыр оқушылардың бірі әрі бірегейі – Сабыржанова Гүлнұр Талғатқызы. Нұр-Сұлтан қаласының төл перзенті қазіргі таңда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, ...

Толығырақ »

Ерейментау ауданымен жұмыс жүргізілуде

Республикалық «BILIM AINASY» газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы мен Алима Қисымқызы Ерейментау ауданының педагогтарымен кездесіп, «Шашу» оқу-танымдық кешенін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында, әуелі, кітаптың авторы Қуантай Амантайұлы оқулықтың жалпы ерекшеліктерімен таныстырды. Одан кейін сөз алған кітаптың әдістемелік жоспарын жасап шығарған Алима Қисымқызы кітаптың балаға берер пайдасы мен әр саласына жеке-жеке тоқталып өтті. Блум әдістемесімен жұмыс істейтін маман ұстаздардың ерекше ...

Толығырақ »

CLEAN HILL: АҚШ-тың қолдауына ие болған эко-жоба жұмысын бастады

Бұған дейін Ақтөбе зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ләззат Данаева мен Ержан Өмірзақов FLEX студенттермен алмасу бағдарламасының түлектеріне арналған CAFAW грантын алуға өтініш білдірген болатын. Іріктеу комитеті Орталық Азиядағы 90 қатысушының ішінде осы жобаны қаржыландыруға ұйғарды. Бұл ой Бішкектегі «Жобаларды дамыту менеджменті» атты семинарға барғаннан кейін ойыма келді. Мен осы эко-жобаны жүзеге асыруды ұйғардым, өйткені Ақтөбедегі экологиялық жағдай мені қатты алаңдатады. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «COOL GAMES» ЖАРЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2019 жылдың 10-14 қазан аралығында Киев қаласында (Украина) «Cool Games» жарысы өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Moлдова, Украина, Хорватия мен Kиевтің оқушылары қатысты. Жарыста Қарағанды қаласындағы №58 мектептің 2003-2006 жж. ұл-қыздары Қазақстанның намысын қорғап, 8 елдің командалары арасында нәтижелі 5-орынмен жарысты тәмамдады. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде балалар жеребе бойынша 8 топқа біріктіріліп, әр елден құралған аралас топтар арасында ...

Толығырақ »

Қалалық «Википедия және мәдени мұра» клубы

11 қазанда «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламаларын жүзеге асыру аясында құрылған «Википедия және мәдени мұра» клубы жобасы бойынша қалалық кластердің отырысы өтті. Жобаның мақсаты оқушыларды шығармашылық жұмыстарға және ғылыми зерттеулерге тарту, мәдени мекемелермен, ғылыми орталықтармен, кітапханалармен ынтымақтастық орнату, Қазақстанның  мәдениет, археология, тарих, этнография саласындағы соңғы жаңалықтарды Wikipedia энциклопедиясында жариялау. Кластерге № 22, 1, 5, 36, 50 мектептер ...

Толығырақ »

Білімнің беделді бейнесі «Қазақ радиосында»

Ерекше жаңалық… «BILIM AINASY» енді Қазақ радиосының төрінен сіздермен қауышпақ. Осынау жақсы бастаманың жолында бүгін Республикалық «BILIM AINASY» газетінің негізін салушы Қуантай Амантайұлы «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы, «Қазақ радиосының» директоры Дулат Орынбасарұлы Абибуллаевпен кездесті. Мақсат — болашақта Қазақ радиосының толқынында жарты сағат көлемінде өз оқырмандары үшін білім жайлы, тәрбие туралы әдемі әңгіме өрбіту үшін құрған жоспарымен таныстыру. Бұл жолда Қуантай ...

Толығырақ »

«Шашудың» шуағына шақыру

Бүгін «Білім айнасы» республикалық газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «№20 орта мектепте» болды. Орта мектептің бір күндік өмірімен танысқан бас редактор даярлық тобының ұстаздарымен кездесіп, өзінің авторлық «Шашу» атты оқу-танымдық кешенімен таныстырды. Кешеннің жеті артықшылығына қаныққан ұстаздар ерекше қызығушылық танытты. Алима Қисымқызының ғылыми жетекшілігімен дайындалған кешеннің әдістемелігі мен бір күндік қысқа мерзімді жоспары кеңінен талқыланған кездесу оң ...

Толығырақ »