Home » Жаңалықтар » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «COOL GAMES» ЖАРЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «COOL GAMES» ЖАРЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2019 жылдың 10-14 қазан аралығында Киев қаласында (Украина) «Cool Games» жарысы өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Moлдова, Украина, Хорватия мен Kиевтің оқушылары қатысты.

Жарыста Қарағанды қаласындағы №58 мектептің 2003-2006 жж. ұл-қыздары Қазақстанның намысын қорғап, 8 елдің командалары арасында нәтижелі 5-орынмен жарысты тәмамдады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде балалар жеребе бойынша 8 топқа біріктіріліп, әр елден құралған аралас топтар арасында жаттығу үлгісінде сайысқа түсті. Барлық қатысушыларға «Cool games» ойынының кубогы табысталды!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.