Home » Жаңалықтар (page 117)

Жаңалықтар

Қарттарымыз — қазынамыз

«Аман сау жүрші, қарттарым!… ». Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№86 мектеп-гимназиясында» 1-қазан қарттар күніне орай мерекелік кеш өтті. Мақсат — оқушы бойына асыл қасиеттерді сіңіру, үлкенді құрметтеудің ерекше үлгісін көрсете отырып, қарттарды мерекелерімен құттықтау. 30-ға жуық қарт әдеби-сазды кештің сыйлы қонақтарының қатарында болды. Кеш шымылдығы мектеп оркестрінің орындауындағы «Балбырауын» күйімен түріліп, білім ордасының жезтаңдай қыздарының әсем әніне ұласты. ...

Толығырақ »

Қарттарым асыл қазынам

Жыл сайын қатарлары сиреп бара жатқан қарттарға қолдау мен жан жылулығы ауадай қажет. Өскелең ұрпақтың бойында «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруда ардагерлеріміздің ерлігі, өнегелі өмірі үлгі болады. «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарды қадірлейік» айлық жоспарына сәйкес №102 жалпы білім беретін мектебінің 6В сынып оқушылары тыл ардагері Вяткина Александра Васильевнаны арнайы барып, мерекемен құттықтап, сұхбаттасып қайтты. Согласно ...

Толығырақ »

«Ертіс» футбол командасы қонақта

Облысымыздың намысын қорғап жүрген, футбол ойынының майталмандары «Ертіс» футбол командасының жоғарғы лига ойыншылары 1 қазан күні Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қонақта болды. «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында өткен кездесуде оқушылар өздерінің сүйікті ойыншылары — Джереми Манзорро, Карлоса Фонсеки, Руслана Мингазов, Марко Станоевич және Руслан Есимовпен кездесіп, теңбіл доп шеберлерімен жақын таныса алды. Әңгіме барысында ойыншыларға сұрақтар қойылып, олардың ...

Толығырақ »

Ақтауда жаңа Экологиялық кодексі туралы қоғамдық талқылау өтті  

Ақтау шаһарына Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов жұмыс сапарымен келді. Ұшақтан түсе салысымен Зұлфұхар Сансызбайұлы алдымен жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен Қошқар ата қоймасына барып, улы көлді залалсыздандыру бойынша қолға алынған жұмыстармен танысты. Мұнда 105 тонна уытты қалдықтар көмілген, сонымен қатар 52 тонна радиоактивті қалдықтар тағы бар. Айта кету керек, ...

Толығырақ »

Ауған ардагерлерімен кездесу

  Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 30 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, 10 жылға созылған соғыстың лайықты бағасы әзірге толыққанды берілген жоқ. Десе де, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист – жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Солардың бірқатары Семей  қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің арнайы шақыруымен келіп, оқушылармен ...

Толығырақ »

Мейірімге толы құттықтау шарасы

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушы қарияларын құттықтады. ​ Аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова өз сөзінде жылы лебіздерін білдіріп, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Қалиева Күләш Күмісбекқызына Халықаралық қарттар күні мен әлеуметтік қорғау саласын дамытуға қосқан ...

Толығырақ »

Мемлекеттік қызмет ардагерімен ғибратты кездесу

​Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде 1 қазан — Халықаралық қарттар күні аясында мемлекеттік қызмет ардагері, ел ағасы Айдарханов Тергеу Айдарханұлымен кездесу болып өтті. ​ Кездесу барысында ардагер қария өзінің Таушық ауылының орта мектебіндегі балалық шағы мен Алматыдағы Қазақ политехникалық институтында оқыған студенттік кезін, басты мамандығы геология саласына қалай келгендігін, еңбек жолы мен комосомол және партиядағы ...

Толығырақ »

Тіл білу – өнер

Барша оқырмандарды еліміздің елеулі мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы халықтарының 22 қыркүйек тілдер күніне орай елордамыз Нұр –Сұлтан қаласындағы «Балдырған -1» және «Балдырған -2» жеке меншік балабақша ұжымы құттықтағысы келеді. Елбасының парасатты саясатын жалғастырып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында: – Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін ...

Толығырақ »

Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдар берілді

2019 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздің 6 жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы. Нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде әртүрлі дәрежедегі бұзушылықтар ...

Толығырақ »

Өнерлі ұлды ұлықтаған мектептің болашағы зор

Білім айнасы газеті N30 мектептің жұмысымен танысу мақсатында қонақ болды. Бас редактор Қуантай Амантайұлы мектеп директоры Азимханова Сәуле Мыңшалқызымен әңгіме құрып, жобаларымен таныстырды. Екі жақты таныстықтан соң директордың «ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары» Рақымберлі Парасат Мағауияқызы бізді мектептің көрнекті орындарымен таныстырды. Атап айтсақ Димаш Құдайберген атына ашылған «көше кітапханасын» айтуға болады. Директордың сөзінше бұл креативті ойды, оқушылардың білімге деген ынтасын ояту ...

Толығырақ »