Home » Білім және тұлға » Ұлағатты ұстаз, білікті басшы

Ұлағатты ұстаз, білікті басшы

Жаныңда жүр жақсы адам жобасы бойынша сұхбат

  Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани патриоттық тәрбие беру. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәриелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-балабақшада. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқа баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идея мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Баланың өмірлік бағыты үлкендер арқылы айқындалады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсері мол. Балабақшамызды 2012 жылдан бастап іскер де білімді, қызметкерлер мен балалардың, ата-аналардың жүрегіне жол тауып, жандарына шуақ құйып жүрген өз ісінің маманы Нұрбекова Назира Ормаханқызы басқарады. Сондықтан да осы басшымен әңгімелесе отырып, сүбелі сұхбат жүргіздік.

   -Нәзира Ормаханқызы, өзіңіз жайлы сыр шертсеңіз, мұғалімдік мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?

Балалық шағымнан ұстаздарымды өнеге қылып, үлгі тұттым. Сондықтан да педагогика саласын таңдадым. Мен Октябрь революциясының 50 жылдық атындағы Жамбыл педагогика институтын 1982-1987 ж.ж.. «Физика және математика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2002-2004 ж.ж. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Педагогика және психология» мамандығын алдым.

Жалпы «ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» дегендей, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. Балалық шағымнан ұстаздарымды өнеге қылып, үлгі тұттым. Сондықтан да педагогика саласын таңдадым.

Еңбек өтіліңіз және №15 балабақшада неше жыл еңбек етіп келесіз? Мекеменің қысқаша тарихы мен қазіргі ұжымыңыз туралы айта кетсеңіз… Меңгерушілік  міндеттің жүгі қаншалықты ауыр?

      Педагогика саласындағы еңбек өтілім жиырма тоғыз жыл. 2012 жылы қазан айында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 балабақшасына меңгеруші қызметіне тағайындалдым.

Бұл мекеме Тараз қаласындағы бірінші қазақ балабақшасы болып 1991 жылы сәуір айында ашылып қолданысқа берілген. Бөбекжай-бақшада жоғары санатты 10 педагог, бірінші санатты 14 педагог, екінші санатты 9 пегагог, 6 жас маман қызмет етуде. Қазіргі ұжымымыздың жұмысы жүйелі, әрбір маман өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайды.

Осы кемел ғасырда қазақ елінің, Қазақстан Республикасының айрықша міндеттерінің бірі – ұлттық тәлім – тәрбиеге баулып, ұлттық ерекшеліктерді еске ала отырып, жас өспірімдермен жастарға жан-жақты білім мен тәрбие беру ісін дамыту. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуде  елбасы Н.Назарбаев, оларға жастайынан «имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатан азамат өсіре аламыз» -дейді.  Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты   мектеп жасына дейінгі балаларға үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мен оқыту жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оның дамуы мен қабілет деңгейінің өсуіне үлесін қосады. Міне, осы мәселелерді дамыту барлығымыздың міндетіміз. Меңгерушінің де міндеті деп білемін. Әрине, басшының жүгі ауыр, дегенмен «көз қорқақ, қол батыр». Әрбір істен тайсалмай еңбек етсек, әрбір жүк жеңілдейді.

  —Педагогика саласында жеткен жетістіктеріңіз, арнайы марапаттарыңыз қандай?

— Өзімнің жетістіктерім жетерлік. Мысалы Көкшетау қаласында 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке  дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің Алғыс хатымен марапатталдым.         «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының «Жүрек жылуын балаларға береміз» І Қазақстандық слетін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін АЛҒЫС ХАТпен және Таразда  2015 жылы «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін және білім беру саласында жес жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Ал 2016 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы «Өрлеу» Білім – ғылым технологиялық порталы Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, 2017 жылы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі  ұйымдастырған «Ең үздік балабақша меңгерушісі» байқауында III орын иелендім.

Сонымен қатар 2019 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде Жоғары бастау алған әлеуметтік серіктестігіміз болашақта үлкен жетістіктерге толы болатындығына зор сенім білдіріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне және сапалы маман даярлауға қосқан ерекше үлесіңіз үшін Алғыс хатпен және 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ Тәуелсіз қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, үнемдеушілік. Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден бір жолы өз ара тілдік қарым- қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым- қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс тәсілдерді кеңірек қолдануға жол ашады.

Балабақшада тәрбиеші бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, жаңашыл тәрбиешіні даярлауға қойылатын талаптар студенттерді-ертеңгі тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы балабақша талабына сай кәсіптік дағдыларды  игеруге бағытталған оқытудың  жаңа жолдарын  енгізуді көздейді.  Қорыта келгенде,  болашақ тәрбиешілерді кәсіби әрекетке даярлау көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақ.

 

Сұхбатты жүргізген

Кокаева Айнұр Амзебекқызы,

№15 бөбекжай-бақша әдіскері,

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.