Home » Мақалалар (page 384)

Мақалалар

Дене шынықтыру сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі  

Жоспары: ХХІ ғасырдың жан-жақты, талантты, зерделі адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі — басты назарда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру -оқудың білігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімді жолы. Жаңа технологияның басты мақсаты — оқушы белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауды дағдыландыру.                                                                       Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе жаңалық бір болу керек. Ж.Аймауытов.   ХХІ ғасыр — жеке адамның білімі мен біліктілігі үстемдік құратын дүниежүзілік ақпараттандыру ...

Толығырақ »

Информатика сабағында интернет жүйесін тиімді пайдалану

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе ...

Толығырақ »

Өзгеге шынайы жеткізудің өзі –өнер

Шындығында көркем образ арқылы жандүниені тебірентіп, бір жылатып, бір күлдірген өнердің құдіретін түсіне білген жандар шынайы жеткізе аларына көзіміз жетті. Қарапайым ғана балабақшада тәрбиеші болып қызмет етіп  жүрген педагогтардың өнерге деген осыншама құлшынысы, ізденісі, жоғары дайындығы, сахнада өз кейіпкерлерін айнытпай ойнап шығуы, тіпті сөзбен, дауыс ырғағымен-ақ отырғандарды өз әлеміне жетелеуі таңқаларлық дүние. Ұстаздың ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын ...

Толығырақ »

Менің ұстаздық ұстанымым

Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады. Мен бүгінгі таңда білім беру саласында  2 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда адал көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қарап отырып, ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштей сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым ...

Толығырақ »

«Жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің тәрбие жұмысындағы маңызы мен рөлі» тақырыбында семинар болып өтті

№2 Қосшы орта мектебінде 2019 жылғы 19 қаңтарда  «Жаңартылған білім жағдайында мектеп тәлімгерінің тәрбие жұмысындағы маңызы мен рөлі» тақырыбында аға тәлімгерлердің аудандық семинары өткізілді. Айтулы шараға педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» Дмитриенко Елена Александровна, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің сарапшысы Арман Төреқұлұлы Аблаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айткүл Аманжолқызы ...

Толығырақ »

Тұңғыш Зияткерлік мектеп 10-жылдық мерейтойын атап өтті

Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің 10 жылдық мерейтойына орай ыстық ықыласқа толы лебіздер естіп,  құттықтаулар мен алғыстар алды. 2019 жылдың 12 қаңтарында Тұңғыш Зияткерлік мектеп ынтымақтас достарын, әр жылғы түлектерін, педагогикалық жұмыс ардагерлері мен құрметті қонақтарын туған күніне жинады. Қонақтарды кіре берісте «Zite Not» вокалды-аспаптар ансамблі ән-шашумен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мереке қарсаңында қонақтар “Таңқалдыр мені” ...

Толығырақ »

Мақсаты айқын, жұмысы жүйелі

Жарты ғасырдан астам  уақыт балғындардың бақыт ордасына айналған   білім ошақтарының бірі – Астана қаласындағы №16 «Шағала» балабақшасы.  350-ге жуық тәрбиеленушісі бар білім ордасында  орыс қазақ аралас 10 топ жұмыс жасайды. Заман талабына сай материалдық –техникалық жабдықтармен жабдықталған балабақшада тәжірибелі педагогтар ортасының қалыптасуы білім ошағының іргесін одан әрі бекемдей түскен. Қаңтар айының 16 жұлдызына жоспарланған  кезекті қалалық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастыра ...

Толығырақ »

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДЕРДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ

Тіл — ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Кез — келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдарын — фразеологизмдерді молынан табуға болады. Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында атап ...

Толығырақ »

Өзгермелі заманның талабына мектеп ілесе алуда ма?

 «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік  һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек,  келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» Мағжан Жұмабаев         Жаһандану —  жаңа әлемдік саяси экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құру үрдісі.  Бұл ұғым әлемдік өркениет өлшемдерінің  жалпы адамзаттық өлшемдерге ие болуы  дегенді білдірсе керек.  Жаһандану қазіргі білім  беру жүйесінен де өз орнын ...

Толығырақ »