Home » Мақалалар (page 349)

Мақалалар

Сапалы білім – болашақтың негізі

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елдің бүгіні мен болашағына нақты бағыт-бағдар көрсетеді. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу – мақаланың басты арқауы. Біз ұлтымыздың  бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен технология, үздік жаңалықтарды дарытсақ жерұйықтай мемлекетке айналамыз делінген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы болып табылатын ...

Толығырақ »

Ұстаз мерейі шәкірттерінің жеңісі

Ақпанның 27 күні Астана қаласы Алматы ауданының әкімшілігімен ұйымдастырылған мектепалды даярлау топтарының балалары арасында  өткізілген іс – шара «Жаяу жүргінші әліппесі» атты «Брейн — ринг» қалалық сайысына №60 «Арай» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Тәрбиеші Жаманбалина Маржан Кайратқызының жетекшілігімен «Болашақ» топ тәрбиеленушілері ІІ орын иеленді. Бұл жарысқа топтан 6 бала іріктелді. Қатысқан балалардың топ басшысы Едіге Бекалы болды. Сонымен қоса Нурмагамбетов Нұрали, ...

Толығырақ »

Жүлдегерлер анықталды

27 ақпан күні жылдағы дәстүрге сай балалар жол көлік травматизмінің алдын алуға бағытталған «Жаяу жүргінші әліппесі» атты қалалық брейн-ринг сайысыөтті. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдар яғни балабақшалар арасында жыл сайынғы өтетін байқаудың. Алматы ауданы бойынша брейнг-рингАстана қаласы әкімдігінің  №93 «Айгөлек» балабақшасында өтті. Осыдан екі жыл бұрын Астана қаласының  әкімі қызметін атқарған Ә.О.Исекешовтың өзі тұсауын кескен «Айгөлек» білім ордасында бүгінде  алпысқа ...

Толығырақ »

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «жаратылыстану» және «дүниетану» пәндерін оқыту ерекшелігі

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бірмүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Орта  білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды  оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», — деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын. ...

Толығырақ »

Мектепалды даярлық класс оқушыларының қызығушылық қабілеттерін арттыру

Республикада оқыту мазмұны жаңарып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық ...

Толығырақ »

Дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарының маңызы

          Ертедегі Қазақ жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері, этнографиясы, ойын-сауықтары , мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер 18-19-ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Европа саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. «Бес тас», «асық», «садақ ату», сияқты ұлттық ойындары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей «Бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тараған ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынов және латын әліпбиі

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталуы тегін емес. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің алғашқы авторы және ұлт мақтанышы. Оның қазақ халқына арнап «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік құралдары әлі күнге дейін қазақ ...

Толығырақ »

Үздік білімпаздардың ордасы – ҚазҰУ

ХХІ ғасыр әлем елдерінің бір-бірімен бәсекеге түсіп, арыстандай атылып, жолбарыстай жұлысып тайталасқан заманы. Әр мемлекет әлем лидері үшін, құрығанда аймақтық көшбасшыға айналу үшін барлық салада бақталасып келе жатыр. Осындай бәсекеде елдің дамығандығын көрсететін ең үздік фактор білімі және кадрларының біліктілігі. Себебі, ХХІ ғасыр қолдағы әскер мен техниканы мақтанып көрсетіп бой жарыстыратын емес, бастағы ақыл-зиятты көрсетіп ой жарыстыратын дәуір. Бетке ұстар ...

Толығырақ »

 Тәрбиеші– қасиетті мамандық

 «Тәрбиеші болу — бақыт» Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли өзінің хикметтерінде (маржан сөздерінде): «Даналықтан асқан байлық жоқ, тәрбиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», — деген екен. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа жақсы тәрбие мен білім беру үлкен мәселе болып отыр. Өзінің елінің халқын, өзінің елін, өз Отанын сүйетін нағыз ұлтжанды нағыз азамат тәрбиелеуде ең бірінші ата-ананың рөлі ерекше орын алады. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік,үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді. Жаңадан туылған сәбидің миы тап-таза қағаз ...

Толығырақ »