Home » Балабақша » Жүлдегерлер анықталды

Жүлдегерлер анықталды

27 ақпан күні жылдағы дәстүрге сай балалар жол көлік травматизмінің алдын алуға бағытталған «Жаяу жүргінші әліппесі» атты қалалық брейн-ринг сайысыөтті. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдар яғни балабақшалар арасында жыл сайынғы өтетін байқаудың. Алматы ауданы бойынша брейнг-рингАстана қаласы әкімдігінің  №93 «Айгөлек» балабақшасында өтті.
Осыдан екі жыл бұрын Астана қаласының  әкімі қызметін атқарған Ә.О.Исекешовтың өзі тұсауын кескен «Айгөлек» білім ордасында бүгінде  алпысқа жуық маман қызмет етіп, үш жүзден аса тәрбиеленушілер тәрбие мен білім алып жүр.
Аталмыш білім ордасын жас болса бірнеше мектепке дейінгі оқу-әдістемелік құралдардың авторы, педагогика ғылымдарының магистрі, білікті маман Темірболат Әлия басқарып келеді.
Мектепке дейінгі білім беру саласына қызмет етіп жүрген жас маман, Шетелдік мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі озық технологияларды балабақшада тәжірибе жүзінде іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, іске асыру үстінде.
Шараға Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің басқармасынан Ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері, полиция капитандары Э.МБирмагамбетова., А.АКаримова, Б.АСарсекеева. Әділқазылық етті. Үш кезең бойынша өздерін таныстырудан бастап, жолда жүру ережелері жайлы сұрақтарға жауап берген команда капитандарының сайысымен мәресіне жеткен жарыс нәтижесінде бас жүлдені:№8 «Думан» ,№21 «Гүлдер», №32 «Балдәурен» балабақшасының шағын орталығы, №33 «Алтын дән», №37 «Арман», №93 «Айгөлек»балабақшалары. қанжығаларына байлады.
Ал жүлделі І орынды №7 «Аққу»,№24 «Айналайын», №32 «Балдәурен», №33 «Алтын дән», №69 «Еркемай», №79 «Шабыт»,№81 «Әсемгүл» ІІ орынды №7 «Аққу», №47 «Ақ желкен», №60 «Арай»,№66 «Толағай», №73 «Аяулым».Жүлделі III орынды№34 «Ақ бидай», №38 «Шаттық», №59 «Аққанат», №83 «Жансая»балабақшалары иеленді
Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасының полиция майоры Г.С.Жакиннің мақтау  грамотасы мен сыйлықтарын алған балалар да мәз болды.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан «Айгөлек» балабақшасының мамандарына, тәрбиеші-педагогтарына соның ішінде инновация әдіскері Д.Д.Кусаинова, музыка жетекшісі Р.М.Нұрымбетова, дене шынықтыру маманы Р.Т.Қоспанова, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.А.Есмаганбетованың өз жұмыстарына жүректерін салып, үлкен құлшыныспен атқаратындықтары көпке үлгі бола білді.

Өз тілшімізден

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.