Home » Айтарым бар (page 42)

Айтарым бар

ҰРПАҚ ҰЛТШЫЛ БОЛСЫН ДЕСЕК…

  Міне, ата-бабамыз аңсаған азаттық таңының атқанына да бүгін тура 25 жыл толды. Сонау Күлтегіннен бергі «Хақ Сақ»-тайын тайпалардан тарамдалып, ат үстінде хандық қылған жауһарлармен жалғасып, әрбірі ұлтымның ұранына айналған Алаштықтармен астасып, кешегі «Желтоқсанмен» жаңғырып жеткен бүгінгі бостандық – бұл. Ең алдымен, тәуелсіздік туының тіктелуіне қасық қанын қиған әр дәуірдегі әр алыптарымызға, тау тұлғаларымызға тағзым. Рас, осы күнді көрген біз ...

Толығырақ »

КӨЗДІҢ ДЕ ТІЛІ БАР

«Тамырластар тәрбиесі» тақырыбын әрі қарай жалғастырғым келеді. Татар халқынан кейін ұйғырларды қолға алдым. Ұйғыр ұлты түркітілдес, бауырлас болғандықтан, әдеттегідей ұстанымдары бізбен ұқсас. Дегенмен, әр ұлтты ерекшелейтін өзгешелігі бар. Сонымен, ұйғырлар әлемге аты мәшһүр, ежелгі Қашғар шаһарын мекендеген. Қазақтың біртуары Шоқан Уәлихановтың осы аймаққа жасырын барып, зерттеу жүргізгені тарихтан мәлім. Сондағы бір деректе: «Қашғария өздерінің әсем бишілерімен, музыканттарымен ежелден Орта Азия ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТЫҢ ҒАРЫШКЕР ҚЫЗЫН КӨРДІМ

Дәмхана. Тамағымды ішіп болып ыдыстарды сәл әрі ысырдым да, қағаз-қаламды қолға алдым. Әлдене шимайлап отырғам. Көрші үстелден кішкене қара қыз орындықтың оң жағынан бір, сол жағынан бір қарап көңілімді бөлді. Әрекетін балалығына балап жанарына жымидым да, жұмысымды жалғастыра бердім. Ол жаныма жүгіріп келді. Қолымдағы ойыншыққа көбірек келетін қаламсапты қызықтаған түріне қарап: – Сәлем! Жазу жазғың келе ме? – дедім. Ол ...

Толығырақ »

КӨШБАСШЫЛАР ҚҰПИЯСЫ

«Alibaba Group» деп аталатын интернет дүкенімен ірі табысқа жеткен, атақты миллиардер, кәсіпкер Джек Ма таңғы алтыда тіршілігін бастайды. Әлемге әйгілі «Apple» компаниясының бас директоры Тим Кук таңғы сағат 5-те спортзалдан табылады. Ойлаңызшы, ол нешеде тұрады. 20 жасында өзінің «Facebook» әлеуметтік желісінің негізін қалаған, бүгінде дүниежүзіне белгілі Марк Цукерберг таңертең сағат 6-да офиске қарай тартады екен. Бұл мәліметті берудегі мақсатым мынау ...

Толығырақ »

ТАМЫРЛАСТАР ТӘРБИЕСІ

Татарлар – түркітілдес ұлт, қазақпен ежелден етене араласқан. Сондықтан да болар, болмысы, тәрбиесі де тамырлас. Дегенмен, әр ұлттың өз ерекшелігі болады ғой. Жақында сондай бір өзгешелікті осы ұлттан байқап қалдым. Татар халқында «Тыңға бару» деген ұлттық ойын бар екен. Бұл ойында тыңшыға баратын – ерге тимеген оң жақтағы қыз. Ол түн ішінде көршілерінен бастап, ауыл-елді аралап, ақсақалдардың, дана қариялардың әңгімесін ...

Толығырақ »

БІР МИНУТ

Қазірде алғашқы мектеп сыныптарында оқитын балалардың ата-аналарында бір проблема бар. Бұл – сол сынып мұғалімдерінің де басты мәселесі. Баланың жауапкершілігіндегі осы екі жақтың (ата-ана, мұғалім) да аузындағы сөз мынау: «Баламның оқу жылдамдығы нашар! Не істеймін?» Расында проблема, себебі оқу үлгерімі сонымен өлшенеді. Әрі білімнің бәрін оқу арқылы алатындықтан, басты проблема болатыны да түсінікті. Жылдам оқу. Шынында, бұл әдістеме шетелдерде тереңнен ...

Толығырақ »

ОЙЫН ЕМЕС

Жиен сіңілім жаз бойы біздің үйде, яғни нағашыларында болатын. Тете өскендіктен бірге ойнаймыз, етене жақын, бауырдай болып кеттік. Түрлі өлшемдегі ақшасын сөмкесіне толтырып, бірдеңе сатып алып, сыйлап жүретін. Қауын-қарбыздың суын коктейль етіп сатып, шықырлатып ақша санап алып, қалдық қайтарып отыратын. Шықырлаған ақшасы – сол баяғы түрлі пішіндегі жапырақтар немесе 9 ай бойы жазғаннан қалған дәптерлерден арнайы қиып, қаламсаппен әдемілеп жазып ...

Толығырақ »

БАЙЛЫҚТАН БАС ТАРТПАЙЫҚШЫ

Ауылға жолым түскен сайын көрші-қолаңды түгендеп шығамын. Арамызға үй түспеген көршіміз бар, ері – аузынан сөзді сұрап алатын адам. Ал, әйелі – өзіне «антоним», сампылдап сөйлей береді. Қашан көрсең, жайдары жүреді. Көшенің, ауылдың әңгімесін қойып, көрші ауылдың да, аудан, қаланың да жаңалығын содан естимін. Тіпті облыстағы шенеуніктердің орынтағы мен міндеттеріне дейін өте жақсы біледі. Күйеуі мен екеуі қара таудың етегіне ...

Толығырақ »

СӨЙЛЕМЕГЕН СӘБИДІҢ САБАҒЫ

Үйде бір жиын бола қалып, алыстағы өз елін тапқан әпкелерді шақырғанда: «Балаларды қалдырып кетпей, алып келіңдер. Себеппен көріп қалмасақ, қазір мүмкіндік те болмайтын болды ғой», – деймін. Ауылдағы балаларға жиендердің қосылып асыр салғаны керемет қуаныш. Балалар бір-біріне қосылса, улап-шулап, ересектердің есін алатын әдеті емес пе? Екінші әпкемнің үш жасар қызы бар. Өзі сондай сәнқой, көйлектерін киіп-шешіп, көптің көзіне түскеннен кәдімгідей ...

Толығырақ »

ОЙ БИІГІНЕ 10 ҚАДАМ

Ой биігін бағындырудың бір жолы – кітапқұмарлық. Бар байлығымыз – баланы бұл жолға қалай түсіреміз? Шындығында кітапқұмар баланы өзіңіз қалыптастыра аласыз! Қалай? Тәрбие құрсақтан басталады. Қазақтан асып қайда барайық, ата-бабамыз құрсақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Алдымен – ана, бірақ айналадағы адамдар да бұл тәрбиеден қалыс қалмауы қажет. Жүкті ананың баланы ғана емес, баланың алдындағы жауапкершілікті қоса арқалауына атсалысу керек. Мысалы, ...

Толығырақ »