Home » Айтарым бар (page 39)

Айтарым бар

Ұстазға алғыс

Ұстаз – шебер, қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылменен емдейтін. Болса дағы малға кедей өмірде «Бар байлығым – шәкірттерім, сен» дейтін Санаға ақыл ұялатқан, арманды алдан қиялатқан, балалардың өмірді ұғуына себеп болған, әр кезде еңбегін аямаған біздің ұстазымыз Какина Жанарға алғысымызды білдіреміз! Білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегіңіз еленіп, кәсіби маман ретінде таныла беріңіз! Сізге ұзақ өмір, қажымас қайрат, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз! ...

Толығырақ »

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

«Тілдер мерекесіне» орай Абай қаласы «Аққу» бөбекжай-балабақшасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты мерекелік іс-шарамыз сайыс түрінде атап өтілді. Бұл іс-шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндеріміздің санасына Қазақстанымыздың көп ұлтты мемлекет бола тұра, ұлтқа, ұлысқа бөлінбей, бір атаның баласындай, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын көрсету еді. Мерекелік іс-шарамызға бөбекжайымыздың ортаңғы және ересек тобының балалары қатысып, ...

Толығырақ »

Тәрбиеші болу – бақыт

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баланың ең алғашқы тәрбиесі – отбасы болса, кейінгі баспалдағы балабақша болып табылады. Менің айтарым, егер, тәрбиеші ақылды болса, тәрбиеленуші дана болады. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен  сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де ...

Толығырақ »

Мектебіме тағзым

Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін «Туған жер» жобасын іске асыру идеясы туындап, «Мектебіме тағзым» акциясы Павлодар облысында бастау алды. Осы жобаның аясында өз мектебінің тарихын зерделеу ұстаздарға құрметтен басталатынын Жабағылы негізгі мектебінің түлектері көрсетті. Осы игі шараға аудан әкімі, білім бөлімі мен ұстаздар, түлектер шақырылды. Лебяжі ауданының әкімі Ернұр Әйткенов 1967 жылы шалғайдағы кішігірім ауылда 8 жылдық ...

Толығырақ »

Инклюзивті білім беруде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын іске асырудағы іс-әрекеттер

Инклюзивті білім беруде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың құқықтарын іске асырудағы психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетінің іс-әрекеті  Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз ...

Толығырақ »

Мүмкіндікке шектеу жоқ

17.09.2017 ж. күні Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызды сәт» қайырымдылық концерті болды. «Мүмкіндікке шектеу жоқ» тақырыбымен алынған қайырымдылық концерті жоғарғы деңгейде өтті. Төрт бөлімнен тұратын сайыста балалар өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Қолөнер, мәнерлеп оқу, би өнері, ән айту бойынша балалар бақ сынасты. «Жұлдызды сәт» сайысына 16 бала қатысты. ОШҮ-не қарасты «Жұлдыз» аула клубынан мәнерлеп оқуға екі оқушы ...

Толығырақ »

Үштұғырлы тіл – тірегім

Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз қажет. Тіл саясаты деген, шын мәнінде, мемлекеттік тіл саласында орнатқан саяси өмірі. Тіл саясаты – тілді қолданушылар мен мемлекеттік биліктің өзара байланысының жемісі. Тіл заңын жүзеге асыру үрдісінде адамда үш мүдде – кәсіби, саяси, ...

Толығырақ »

Дидактикалық ойындар – тіл дамыту барысында

Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” Заңында: “Ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі” деп оку-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді балабақшадан бастау керектігін атап көрсетілген болатын. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында: балабақшалар жүйесін калпына келтіруге және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу, яғни мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажеттігі нақты көрсетілген. Мемлекетіміздің ілгерілеу саясатының басты бағытының бірі – ...

Толығырақ »

Текті тұлға тәрбиелеу теориясының мәні

Зерттеуші ғалымдардың (М.Әуезов, Қ.Мұқамедханов, М.Мырзахметов) пікіріне сүйенсек, Абай атамыздың «Толық адам» ілімі мына екі жағдайға байланысты туындаған көрінеді. Бірінші. Абай дана өмірінің соңғы кезеңі – отарлаушы Орыс хандығының қазақ даласына толық иелігін орнатып, өз қалауына сай қоғамдық құрылысын реформалап, басқару жүйесін  «басыбайлы момақан  құлға» толыққанды үстемдік жүргізуге   әбден ыңғайлап үлгерген шағы сәйкес келеді. Екінші. Қазақтың аты тұр ғой, затын толық өзгертіп, мінезін ...

Толығырақ »

Дастарқан басында отыру тәртібі

Қазақстан халқы, қазақ елінің жұртшылығы өткен тарихымызға ой жүгіртіп, жылдар бойы жинақтаған жемісін көріп марқаятын күнге де жетті. Адамзат қоғамы өзінің даму сатысында қай кезеңде өмір сүрсе де сол кезеңде өмір сүруші адамдарға арналған нормалар мен мінез-құлық ережелері, әдет-ғұрып дағдылары болады. «Тәуелсіз елдің ұлы өжет, қызы қайратты, халқы қаһарман» дегендей, азаттық жолында жалындап жанып, тәуелсіздікке қолы жеткен халқымыздың қаһарман екендігін ...

Толығырақ »