Home » Балабақша » Ненің дыбысы?

Ненің дыбысы?

дидактикалық ойын

 Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Мақсаты: естуді дамыту және ажырату үшін бақаның, масаның, араның дыбысын  (бақ-бақ,ыз-ыз,ж-ж-ж ) тыңдату.

Көрнекілігі: Жәндіктердің суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, ойын технологиясы.

Сөздік жұмыс: бақа, маса, ара

Балалар, бүгін ерекше күн! Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан тәртібімізді, білімімізді қонақтарға көрсетейік, қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері.

Сәлем менің көзім!

Сәлем менің құлағым!

Сәлем менің  қолым!

Сәлем менің аяғым!

Сендер ояндыңдар ма?

Мен ояндым,

Алақай!

Қонақтар   сіздерге сәлем!

-Ой , жарайсыңдар балалар! Орнымызға отырамыз.

— Балалар, қазір көктем мезгілі. Көктем мезгілінде күн жылынады, өсімдіктер өседі, құстар ұшып келеді, жәндіктер пайда болады.

-Қазір біз «Дыбысынан таны» ойынын ойнаймыз.

Шарты: Аудиотаспадан дыбыстары тыңдалады. Балалар ненің дыбысы екенін айтулары керек.

-Балалар, дыбысына қарай тауып көрейікші.

-Бізді ерте тұрып, оятатын кім?

-Бұл — Әтеш.

-Әтеш қалай дыбыстайды?

-Ку-ка-ре-ку
Сиыр, қой, мысық, иттің дыбыстарын тыңдату.

Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде жәндіктер туралы білетін боламыз.

-Балалар, бақа құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Бақа денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз жапырақ, шөптердің астында, қорегін түнде аулайды.

-Аралар бал жинауды жақсы көреді, ол балды гүлдерден жинайды. Араның түсі өте ашық ала түсті. Бал адамдарға өте қажет. Араға жақындауға болмайды ара шағып алады.(Араның суретін іліп қояды балалар қарап естеріне сақтайды.)

-Маса өте кішкентай жәндік. Маса кішкентай болса да денені шақса ісіп, қышытып мазамыз кетеді.

Бүгін біз жәндіктер әлеміне саяхаттаймыз.

-Ұшатын , ұшпайтын жәндіктер, сулы жерде, құрғақ жерде өмір сүретін жәндіктер, шағатын жәндіктер, шақпайтын жәндіктер, адамдарға пайдасын тигізетін жәндіктер болып бөлінеді.

Ғажайып сәт:

«Аюдың өкірген дауысы естіледі.

Бұл өкіріп жатқан не?

-Топқа Аю келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені таныдыңдар ма?

-Жарайсыңдар.

-Балалар, менің қарным ашып, бал жегім кеп тұр.

-Аю сенің бізбен  бірге жәндіктер әлеміне   саяхатқа барғың келеме?

-Әрине, барғым келеді.

-Балалар, сендер дайын болсаңдар, саяхатымызға аттанайық.

— Жәндіктер әлеміне саяхатқа барғанда сақ болып жүреміз, өйткені шағып алуы мүмкін.

Балалар, жәндіктер әлеміне де келіп жеттік (құстың дауысы). Балалар, қараңдаршы жәндіктер әлемі қандай әдемі, балалар, байқап жүріңдер, жүгірмеңдер әйтпесе адасып кетулерің мүмкін.

-Маса өте кішкентай жәндік. Маса кішкентай балаларды көбірек шағады. Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;

Ары қарай жүру үшін масаның тапсырмасын орындауымыз керек.

Масаның тапсырмасы:

«Жалғасын тап» ойыны

Шарты: Аталған құстардың, жануарлардың қалай қозғалатындарын жалғастырып айту.

Құс-… (ұшады)

Балық-… (жүзеді)

Бақа-… (секіреді)

Жылқы-… (жүгіреді)

— Балалар, мұрындарыңмен терең дем алып, ауыз арқылы демімізді шығарып жәймен үрлеп, енді өзіміз масаға ұшуына кемектесеміз.

Бақаны көріп таң қалады.

Бақаның көзі үлкен, артқы аяғы ұзын және алдыңғы аяғы қысқа. Бақалар бақылдайды.

Бақаның тапсырмасы:
Бақа тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
1 — ші сумен бетін жуды,
2 — ші шыр айналып бұрылды,
3 — ші еңкейіп жерге отырды.
«4» дегенде секіріп кетті.

Ара:

-Балалар, қараңдар, аралардың дыбысы шығып жатыр, мына ағашта аралардың ұясы ілініп тұр, ұяның ішінде көп аралар бар, оларға аса жақындауға болмайды, шағып алулары мүмкін, бірақ олардың пайдасы өте зор. Араның беретін негізгі өнімі- бал әрі дәмді, емдік қасиеті мол.

Гүлдің табиғатқа келтірер пайдасы көп. Гүл ауаны тазартады. Алуан түрлі түстерімен табиғатқа көрік береді.

-Ара біздің досымыз аюдың бал жегісі келеді. Аюға бал бересің бе?

Осы сүп-сүйкімді гүлдердің иісін сезген Қанқызы мына  гүлдерге келіп қонбақшы, сондықтан да біз «Қанқызы гүлге қонды» деген ойын ойнайық.

-Балалар, аюдың орманына қайтатын уақыты болды, шығарып салайық.

Аю:

-Сау болыңдар, балалар! Сендерге көп-көп рахмет.

-Сау бол!

Енді келген жолымызбен топқа қайтайық.

Жәндіктер қалай дыбыстайды?

Ара – ызылдайды.

Шыбын – ызыңдайды.

Шегіртке – шырылдайды.

Бақа — бақылдайды,құрылдайды.

— Бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы араластыңдар, сол себепті сендерге аюдың  тәттілерін таратып  беремін.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жәндіктерді қорғауды аялауды білуі керек

Игереді: Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйренуді меңгерді.

Қолданады: Кез – келген жұмысты достарымен бірлесе істеген оңай екенін білді.

Досаева Олимпиадагүл Ақжарыққызы

Қызылорда облысы Арал қаласы

«Алтын балық» бөбекжайының

тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.