Home » Мақалалар »    Балабақша таңдаудағы 6 маңызды критерий!

   Балабақша таңдаудағы 6 маңызды критерий!

  Бала неліктен тұйық болып өседі? Қандай себептері болуы мүмкін? Балабақшаларда қандай кемшіліктер бар? Ата-ана ретінде немесе аға, әпке ретінде бұл сұрақтар сізді толғандыра ма?

Ендеше, жауап берейін.

Мынаны қараңыз: Балабақшаның екі түрі бар. Мемлекеттік және жекеменшік. Сіз өз перзентіңізді шама келгенше мемлекеттік балабақшаға беруге тырысасыз. Дегенмен, кезек күтем дегенше, балаңыз; «Әке, ана мен мектеп бітірдім», –  деп келіп тұратын жасқа жететін сияқты көрінеді. Күлкілі бірақ, шындық. Амалсыздан, жекеменшік балабақшаға бересіз. Қуанышыңызға орай баладан босадыңыз. Десе де, перзентіңіздің тік бұтақ, есті адам болып өскенін қалайсыз. Ол үшін ес білгенінен, бәріне зейін қою керек. Былайша айтқанда, бала-  бала болып өсу керек. Барлық балабақшалар заң талаптарына сәйкес емес. Енді мынаған мән беріңіз:

Жекеменшік балабақшаға апарғанда нені ескеру керек?

  1. Ең алдымен ойын алаңын байқаңыз. Бар ма? Әлде, сол көшедегі футбол алаңында қамап ұстай ма? Ондайлар бар.

Өйткені, ол жерде еркіндік жоқ. Жазғы уақытта сыртта тай құлынша ойнақтап, алаңда көсілгені жөн. Ол – балаға ыңғайлы.  Темір алаңның шегін көрген бүлдіршіннің ой-өрісі де кеңеймейді. Тұйықтала береді. Күн түссе қол тигізбес ыстық, аяз болса ызғары бойыңды мұздатар салқын бола түседі. Темір алаң дегенде еске не түсетінін айтпай-ақ қояйын. Құдай сақтасын!

Ойын алаңында түрлі-түсті ойыншықтар мен суреттердің болғаны кішкентайдың көңілін көтереді. Бірін тауысып ойнап, екіншісіне жеткенше асығады. БҰЛ-ТАЛПЫНЫС!

  1. Балабақшаның сыртқы және ішкі безендірілуіне мұқият қарап көріңіз!

Жай ғана «балабақша» деген құр жасыл жазумен тұрса балаңыз түгілі сіздің де есігін тартып ашуға қызығушылығыңыз болмас еді. Ал, енді жан-жануарлардың бейнесі, қазақи ою-өрнектер, түрлі-түсті платформалар, бүлдіршіндердің жақсы көретін мультфильмінің кейіпкерлері қабырғада күліп тұрса, бала құлшынып барады. БҰЛ-ҚУАНЫШ!

  1. Меңгерушісі мен тәрбиешілері толыққанды қазақ тілді ме?

Маңызды емес дей алмайсыз! Перзентіңіздің өз ана тілін толық меңгергеніне жаныңыз ашитын, сізге, ұлттың болашағына қалай қызмет ететінін шынымен ойлайтын ата-ана болсаңыз әрине… БҰЛ-ЖАУАПКЕРШІЛІК!

  1. Қандай оқулықтар бойынша сабақ жүреді?

Кішкентайыңыздың жасына сәйкес оқулықтар болуын сұраңыз. Оны қызықтыруын көріңіз. Сабақты өткізу методикасы қандай? Ерінбей, 1 күн уақытызды арнаңыз. Балаңыз- болашақ тірегіңіз. БҰЛ-ЗЕЙІН!

  1. Ол балабақшада қазақша ойыншықтар бар ма?

Заңдағы негізбен әрине болуы шарт. Ойын құралдарының гигиеналық тазалығы сақталғанына көз жеткізіңіз. БҰЛ-АЛАҢДАУШЫЛЫҚ!

  1. Ішіп жейтін тамағы тойымды немесе дәмді ме?

Күнделікті уақытылы әрі дәмді тамақ жеуі баланың денаулығының мықты болып жетілуіне тікелей қатысты. БҰЛ-БОЛАШАҚ!

Дәл, осы негізгі 6 критерий-ді блакнотыңызға жазып алыңыз. Әрқайсысының соңындағы 6 түйінге назар аударыңыз. БҰЛ – тек сіздің перзентіңіздің ғана емес тұтастай елдің болашағына бей-жай қарамғаныңызға дәлел болмақ. Бәрін өзіңізден бастаңыз. Саналы ұрпақ, сапалы әрекетті сұрамайық. Бәрі тек сізге байланысты!!!!

Мирас Хизатолла

“BILIM AINASY”

Нұр-Сұлтан қаласы

One comment

  1. 7 критерий деп қосып қойыңыз. Балабақша қызметкерлерінің кәсіби этикасына, қарым-қатынасына қарау керек.
    8 критерий. Тәрбиешінің педагогикалық білімі бар ма? Соған мән беріңіз. Өйткені жекеменшік балабақшаға кім көрінген тәрбиеші болып кіргісі келеді. Қолында ешқандай дипломы болмаса да, есік қаққан бұл не деген батылдық//бассыздық?!
    Ал сіз айтқандай қазақы ойыншықтың болуы өте қиын. Себебі ондай ойыншықтар қатары аз. Аздың өзі қымбат.
    Пікір білдіруші жекеменшік балабақша директоры, әрі әдіскері.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.