Home » Жаңалықтар » ҚР БҒМ: Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету

ҚР БҒМ: Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету

Ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері  бақылаушы ретінде шақырылды

 Елімізде 2019 жылдың 10-15 тамызы аралығында 27 пунктіде магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін 30579 өтініш қабылданды. Биыл алғаш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, ADAL BILIM жобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар бақылаушылар ретінде тартылды.

Өңірлерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылды. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету пунктері ұйымдастырылып, тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Одан бөлек, ерекше білім беру қажеттілігі бар үміткерлерге қажет болған жағдайда жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар ұсынылатын болады.

Кешенді тестілеуде 169 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу 3 тестілеу өткізу пунктінде өтіп жатыр. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бірінші лекте 591 үміткер қатысып жатыр. Тестілеуге кіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді.

 

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.