Home » Tag Archives: Ұстаздар күні

Tag Archives: Ұстаздар күні

Төрдегі орын — ұстаздыкі

Елордада орналасқан №54 мектебімізде «Төрдегі орын — ұстаздыкі» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. 80-90 жылдарға сапар шеккен оқушыларымыз ұстаздарымыздың жастық шағын есіне түсіріп, керемет ностальгия сыйлады. Мектеп директоры Шәкәрім Толыбайұлы ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымызға ерекше сый-сияпат көрсетілді. Әсем әнмен көмкеріліп, бимен безендірілген әдемі кеште ...

Толығырақ »

ОҚУШЫЛАР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ  

Мұғалімдер күніне орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде мерекелік шара ұйымдастырып, ұстаздар шәкірттерінің ерекше құрметіне бөленді.   Барлық мамандықтың анасы атанған – мұғалім қауымының кәсіби мерекесін зияткерлік мектеп ұжымы сән-салтанатымен атап өтті. Білім ордасында қызмет ететін барлық педагогтер бас қосып, оқушылардың концерттік бағдарламасынан керемет әсер алды. Мерекелік шарада мұғалімнің қарбалас бір күні көрініс тауып, «жеті шешеннің» ұстаздарға арнаған жырымен жалғасты. Шәкіртінің бойындағы сан ...

Толығырақ »

Елордада «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды

Ұлағатты ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы Әлия Назарбаева, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ЖОО-ның ректорлары, мұғалімдер мен білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты. Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!!!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз ұғымы әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздар жайында ...

Толығырақ »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұстаздар күні – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бойларына ең ізгі қасиеттерді дарыта білген асыл жандардың төл мерекесі.  Келешек ұрпаққа  адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беруде ұстаздың атқарған еңбегі зор. Еңбегі еселі, қызметі қажырлы жандарға ұстаздар күні қарсаңында құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау —  лайықты сый.  Бұл игі дәстүр биыл да заңды жалғасын тауып, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында  үздік мұғалімдерді марапаттау шарасы өтті. Салтанатты жиынға ...

Толығырақ »