Home » Tag Archives: ҚР БҒМ баспасөз қызметі (page 4)

Tag Archives: ҚР БҒМ баспасөз қызметі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «COOL GAMES» ЖАРЫСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2019 жылдың 10-14 қазан аралығында Киев қаласында (Украина) «Cool Games» жарысы өтті. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қытай, Moлдова, Украина, Хорватия мен Kиевтің оқушылары қатысты. Жарыста Қарағанды қаласындағы №58 мектептің 2003-2006 жж. ұл-қыздары Қазақстанның намысын қорғап, 8 елдің командалары арасында нәтижелі 5-орынмен жарысты тәмамдады. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде балалар жеребе бойынша 8 топқа біріктіріліп, әр елден құралған аралас топтар арасында ...

Толығырақ »

Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдар берілді

2019 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздің 6 жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы. Нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде әртүрлі дәрежедегі бұзушылықтар ...

Толығырақ »

Азаматтық авиация академиясындағы жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Азаматтық авиация академиясында (Алматы қ.) жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде жоғары оқу орнының білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде бұзушылықтар анықталды. Тексеріс қорытындысы көрсеткендей, оқытушылардың сандық құрамына, ғалымдардың үлесіне, ғылыми жетекшілерге қойылатын лицензиялау талаптары сақталмай, студенттердің кәсіби тәжірибе келісімшарттары жасалмаған және т.б. Осы ретте, Академияға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалған. Қазақстан Республикасының ...

Толығырақ »

Шымкент қаласындағы университетте жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижелері белгілі болды

2019 жылғы 5-15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Аталған оқу орнында жоғары оқу орындарының қызметіне қойылатын 78 талаптың 63-і сақталмағандығы анықталып отыр. Жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған, атап айтсақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының талаптары бұзылған; жоғары оқу орындары қызметінің ...

Толығырақ »

12 жылдан бері бірінші рет қазақстандық оқушылар Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

  Жоғары технологиялар әлемінің жас жұлдыздарының жетістіктері, информатика пәнінен 31-ші Халықаралық олимпиаданың қорытындысы белгілі болды. Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Бүгінгі күннің батырлары «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ түлектері Сардарбеков Батыр алтын медальді, Закарин Данияр күміс медальді иеленсе, Өскемен қаласындағы дарынды ер балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Байболов Темірлан мен Нұр-Сұлтан ...

Толығырақ »

Көпбалалы аналар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті

        23 шілде күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мүшелері Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен кездесті. Екі тарап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау үшін платформа құру туралы өзара келісті. Кездесуге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асылова, сондай-ақ, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасы Президентінің ...

Толығырақ »

А.Қ.Аймағамбетов ХХХ жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті

22 шілде күні ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов XXX Дүниежүзілік жазғы Универсиадада xалықаралық деңгейде ел намысын қорғап, көк байрағымызды көкке көтерген спортшыларға алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында Универсиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спортшылардың ата-аналары мен бапкерлеріне (Ғалымжан Джегельдиев, Олег Почивалов) Алғыс хаттар табыс етті. — ...

Толығырақ »

Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ  

2019 жылғы 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі болып өтті. Есеп беру кездесуі барысында білім және ғылым жүйесіне қатысты мәселелер көтерілген болатын. Олардың қатарында — «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу, гранттарды бөлу үрдісі, оқулықтардың сараптамасы, балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан қабылдау. Министрлік «Педагог мәртебесі ...

Толығырақ »

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде баланың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен Алматы қаласында болып қайтты. Сапар барысында министр «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына барды. Министр білім беру-сауықтыру орталығының қызметімен, сондай-ақ «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен танысты. — Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде балалардың ішкі әлеміне назар аудару өте маңызды. Ендігі кезекте оқушының алған білімді қалай пайдаланатыны өте маңызды: адамдарға зиянын келтіре ме ...

Толығырақ »

Жас физиктер Израильде өтетін олимпиадаға қатысуда

Қазақстан құрама командасы 2019 жылы 7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) физика бойынша өтіп жатқан халықаралық олимпиадаға қатысуда. Қазақстан Республикасы олимпиада командасының құрамына жас физик-ғалымдар кірді: Нұр-Сұлтан қ. «РФМШ» филиалының түлегі -Байрин Әмірхан, Павлодар қ. №8 мектеп-лицейінің түлегі — Басов Ярослав, Алматы қ. «РФМШ» түлегі — Ли Давил, Нұр-Сұлтан қ. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 11 сынып оқушысы — Исмагулов Темирлан, ...

Толығырақ »