Қанат Едігетегі, Алматы қаласы №211 мектеп-гимназиясының мұғалімі «Бұл күн қырқаларға гүл тұнады, Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады. Әлемге дос құшағын жая келген, Армысың, бар халқымның ынтымағы!» деген жыр-жолдармен осы аптада Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Алматы қаласындағы №211 мектеп-гимназиясының ауласында үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Еліміздегі халықтар достығын дәріптеп, татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған аталмыш іс-шараны мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ...
Толығырақ »Tag Archives: Қанат Едігетегі
ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ҰСТАЗДАР
ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ҰСТАЗДАР Игі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық жасауға құмартып жүретін жандардың көп болғаны қандай жақсы. Апат болған жерлерге ақша атау, дертке шалдыққан жандарға жылу жинау, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу – шын мәнісіндегі жақсылықтың, қамқорлықтың, әрі ынтымақты ел болудың белгісі емес пе?.. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді халық даналығы. Оларға кейде ақпараттық қолдау білдіріп, ...
Толығырақ »КЕМЕЛ ҰСТАЗ
Өзіңнің айырықша құрмет тұтып, жақсы көретін адамың туралы жақсы бір тілек, әдемі сөз айтудың өзі оңай бола бермейді. Қанша оқталып тырысқаныңмен, көңілден шығатындай ой кейде келмей кетеді. Былай қарасаң, көкіректе бәрі сайрап тұр. Бірақ жазуға келгенде неден бастарын білмей дал боласың да қаласың. «Мен бұл тақырыпқа кітап жазбақ болып толғанғалы қашан!» деп, қара сөздің хас шебері Зейнолла Қабдолов ұстазы Мұхтар ...
Толығырақ »БЕЛСЕНДІ МЕКТЕП БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Қанат Едігетегі БЕЛСЕНДІ МЕКТЕП БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ Бүгінде «белсенді мектеп», «көшбасшы мектеп» дегендей сөз тіркестерін қолданатын болдық. Әрі бұл көңіл аударатын тақырыптардың бірі. Ұлттық дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқанда еліміздегі әрбір білім мекемесінің белсенділігін арттырып, игілікті іс-шараларын қолдап отырудың қажеттілігі артып келеді. Өйткені бұл мектептер өз кезегінде жастардың бойында тұлғалық қасиеттерімен бірге азаматтық, әлеуметтік және ұлттық белсенділіктерін қалыптастыруда үлкен ...
Толығырақ »САҒЫНДЫҚ СІЗДІ, ШОЛПАН ӘПКЕЙ!
САҒЫНДЫҚ СІЗДІ, ШОЛПАН ӘПКЕЙ! (39 жылдан кейінгі кездесу) «Анашым, сізді оқушыларыңыз кездесуге шақырып жатыр» деген күннен бастап, анамыз жүз толғанып, мың құбылып, «бұл қалай болар? Осыншама жылдан кейін менің шаршаған, қартайған жүзімді көріп, не ойлап, қандай күйде қалар екен?..» деген ойлардың жетегінді болды. 39 жылдан кейін өзінің алғашқы түлектерімен кездесу, бет көрісу кез келген ұстазға оңай тимесі анық. Әсіресе денсаулығы ...
Толығырақ »«ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІ – ХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ
Қанат Едігетегі, Алматы қаласы №59 мектеп-гимназияның оқытушысы «ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІ – ХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ Ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі зор екені баршаға аян. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы..»-деп Ғафу Қайырбеков жырлағандай, жас ұрпақтың санасына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың ...
Толығырақ »