Home » Tag Archives: физика

Tag Archives: физика

Қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Қазақстанның құрама командасы физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадаға қатысты. Жарыс қашықтық форматында өтті. Олимпиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 250 оқушы қатысты. Турнирге Қазақстанның атынан 5 конкурсант — 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық құраманың қоржынында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында – ...

Толығырақ »

Қазақ балалары тағы да әлемді мойындатты

Саха Республикасында (Якутия) математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық «Туймаада» олимпиадасына Қазақстан құрама командасы қатысып, жүлделі оралды. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің құрама команда 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды. Жеңімпаздардың қатарында: Мырзатаев Айбек, Атырау қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, алтын медаль — жасөспірімдер лигасы арасындағы абсолютті жеңімпаз (математика); Қалдыбаев Рауан, Нұр-Сұлтан ...

Толығырақ »

Нұржан мен Жансая жаңалық ашты

Семей қаласындағы физика–математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Нұржан Бөдес пен Жансая Қанағатова үйлер мен ғимараттарды, әлеуметтік маңызы бар нысандарды таза экологиялық энергия көзі арқылы жылытуға болатындығын дәлелдеп шықты. Осылайша олар күнделікті қолданыстағы көмір, электр, сұйық отынның орнын жаңа өніммен алмастырды. Қос шәкірт өз жаңалықтарын көпшілікпен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында бөлісті. Алматы қаласында ...

Толығырақ »

Физиканы оқытуда эксперименттік жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауларын дамыту әдістері

Мектептегі физика курсы бойынша эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру – бұл физика ғылымының негізі болып табылып, ғылыми зерттеу әдісінің көрінісі ретінде айқындалады. Физикалық экспериментік жұмыстарды ұйымдастыруды негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену – оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға, құбылыстарды көрнекілеуге және өлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге септігін тигізеді. Жаңа материалды түсіндіруде фронталь тәжірибелер ...

Толығырақ »

Оқушыларымыз Жәутіков Олимпиадасының жүлдегерлері

Семей қаласындағы физика–математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Теңіз Ибраев пен Теміржан Юсупов кезекті жеңістеріне қол жеткізді. 14-мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі Жәутіков олимпиадасында бақ сынаған қос өреніміз қола медальді қанжығаларына байлады. Алматыда қаласында өткен халықаралық білім бәйгесінде әлемнің 15 мемлекетінен келген 500–ден астам оқушы математика, физика және информатика пәндері бойынша өз деңгейлерін тексеріп көрді. Әлем елдердің арасындағы қарым-қатынасты дамыту, ғылыми білімдерді ...

Толығырақ »

Физика сабағында электронды оқулықтарды қолдану арқылы білім сапасын арттыру

Елбасымыздың Жолдауында 2016 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады [1,б1]. Осы  жолдау негізінде қазіргі уақытта  инновациялық технологияларды сабақ  барысында  қолдана отырып,  оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға толық мүмкіндік жасалған. Физика сабағында интерактивті қондырғыларды, яғни электрондық оқулықтар, тақырып бойынша әзірленген флипчарттар  және  Xplorer GLX – пен зертханалық  оқу ...

Толығырақ »

Қатты денелердегі қысым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):  Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты екенін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: қатты денелердегі қысымның формуласын есептер шығаруда қолданады. Кейбір оқушылар: Заттың әр түрлі күйлерінің қасиеттерін өмірмен байланыстыра алады.

Толығырақ »