Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Физика сабағында электронды оқулықтарды қолдану арқылы білім сапасын арттыру

Физика сабағында электронды оқулықтарды қолдану арқылы білім сапасын арттыру

Елбасымыздың Жолдауында 2016 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады [1,б1]. Осы  жолдау негізінде қазіргі уақытта  инновациялық технологияларды сабақ  барысында  қолдана отырып,  оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға толық мүмкіндік жасалған. Физика сабағында интерактивті қондырғыларды, яғни электрондық оқулықтар, тақырып бойынша әзірленген флипчарттар  және  Xplorer GLX – пен зертханалық  оқу құралдарын қолдана отырып, сабақтың  мазмұнын түрлендіріп өткізу әр ұстаздың  шеберлігінде.  Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық  белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,  шығармашылықпен еңбек етуіне  жағдай  жасайды. Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  мұғалімнің айтқаны мен оқулық арқылы  үйренсек, енді ол заман талабын қанағаттандырмайды [2,б10].

Мен өзімнің әр сабағымда,  яғни 7-11 сынып аралығында әр сыныпқа арналған  электрондық  оқулықты  пайдаланамын.  Бұл оқулықта  әр тақырыпқа сай  суреттер, сызбалар топтастырылып  беріледі. Тақырып бойынша  оқушы білімін  бағалау  үшін  тест беріледі. Тест нәтижесін компьютер өзі бағайлайды.

Сонымен қатар электрондық тапсырмалар беріледі. Оқушылар зертханалық жұмыс  кезіндегі тапсырмаларды  тез түсініп, жылдам орындай алады. Ұсынылып отырған электронды оқулықтың қолдану ережесінде физикадан қазақ тіліндегі мультимедиялық оқыту бағдарламасын жұмыс істеу негіздері сипатталған. Қолдану ережесінің әр бөлімі оқушылардың  мультимедиялық оқыту  бағдарламасымен жұмыс істеу  барысында  мұғалімнің орындайтын қызмет  түрлерінің  бірі, жаңа сабақты түсіндіру оны бекіту функцияларына   арналған.

Сондай-ақ  бағдарлама, бір жағынан қазіргі  физика курсынын  барлық  тақырыптық, акпараттық, материалдық тапсырмалардан тұрса, екінші  жағынан, мұғалімге оқыту  кезінде  мәтін, графика,  фото,  сурет,  видеодауыс  сияқты  ақпарат  түрлерін  беру  мен  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  телекоммуникациялық техникалармен жұмыс істеу үшін қажетті  мәліметтермен таныстыруға көп көмегін тигізеді. Бақыланып  отырған  7«а» және 7«ә»  сынып  оқушыларымен  төмендегі  кесте бойынша  арнайы  тапсырмалары  дайындалып, сабақ  жүргізіліп  отырды.

                Бақылауға алынған  сыныптардың  тапсырмалар кестесі

Тақырыбы

Электронды оқулық (7а)

Дәстүрлі  түрде (7ә)

«Физика — табиғат туралы ғылым» тарауыӘр тақырып бойынша демонстрациялар көрсетуӘр тақырып бойынша  плакаттар, кестелер
Зертханалық  жұмыс №1,№2Эл.оқулықтағы зерханалық жұмысты компьютерде әр оқушы жеке орындайдыЗертханалық жұмыс бойынша құрал – жабдықтар дайындалып, топ бойынша жұмыс жасалады
Білімді  бағалауЭл.оқулықтағы  дайын тест бойынша білімдерін бағалауӨтілген  тапсырмалар бойынша өздік жұмысын алу, бағалау
«Механикалық қозғалыс» тарауыӘр тақырып бойынша демонстрациялар көрсетуӘр тақырып бойынша  плакаттар, кестелер
Зертханалық  жұмыс №1,№2,№3Эл.оқулықтағы зерханалық жұмысты компьютерде әр оқушы жеке орындайдыЗертханалық жұмыс бойынша құрал – жабдықтар дайындалып, топ бойынша жұмыс жасалады
Практикалық бөлімЭл.оқулықтағы  арнайы есептерді компьютерде әр оқушы жеке орындайды  және бағаланадыДайын үлестірмелер бойынша әр оқушыға есептер беріледі және бағаланады

Осы  бақылау нәтижесін  саралай отырып  7 «А», 7 «Ә» сынып  оқушыларының   1 және 2 тоқсан  бойынша  білім  сапасының диаграммасы алынды.

Бақылау нәтижесі бойынша оқушыларға білім беру барысында электрондық   оқулықтың  тиімділігін   мына  кестеден  көруге болады.

Электронды оқулық

Дәстүрлі  түрде

1

Оқушы  арнайы бағдарламамен  жұмыс  жасайдыОқушы тек кітаппен жұмыс жасайды

2

Оқушы  білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады және қосымша тапсырмаларды орындауға  мүмкіндік туадыОқушы   білімін  саралау арқылы мұғалім бағалайды  және қосымша тапсырмаларды орындауға  мүмкіндік болмайды

3

Логикалық  ойлау жүйесінің дамуына  түрткі боладыЛогикалық  ойлау жүйесі  қалыпты деңгейде болады

4

Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім  жүйесінен қалыспайтын жаңалықты жатсынбай қабылдайтын дара тұлға

5

Оқушылардың  ақпаратты – коммуникативті құралдармен жұмыс жасау  қабілеті артады

Қорытындылай келетін болсақ, физика сабағында электронды  оқулықтарды қолдану арқылы білім сапасын  арттыру, қазіргі білім саласындағы  ақпаратты — коммуникативті  технологияның негізгі өзегі.

Әдебиеттер:
1. Дәстүрлі және электрондық  оқытуды кіріктіру. Қазақстан  мектебі.№7. 2011ж [2],
2. Новые педагогические и информационное технологии в системе образования. Под.ред. Е.С. Полат.- М., 2000 г. [2].

             

Абданбекова  Калима,
Қарағанды қаласы БмЖС
физика пәні  мұғалімі
(қосымша  білім беру педогогы).

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.