Бүгін еліміздің барлық мектептерінде оқытудың жаңа формасы – қашықтан оқыту жүйесі өз бастауын алды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары ұстаздарымен және сыныптастарымен бірге әдеттегіден бөлек онлайн-мектеп партасында бас қосты. Балалар виртуалды режимде жүздесіп, оқу жылының жаңа белесі төртінші тоқсанның жалауын көтерді. Халықаралық мектеп қашықтан оқытудың барлық қырларын зерттей келе, ең қолайлы нұсқасына тоқтады және бүгінгі күні ББМЖМС талаптары мен ХБ ...
Толығырақ »Tag Archives: Сандуғаш Кожина
ЕЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мұқағали Мақатаев» ІІ Республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі жеңімпаздары атанды», — деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға арналған республикалық байқаудың басты мақсаты – мектеп және колледж оқушыларының қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау ...
Толығырақ »«ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ – БІЗДІҢ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ ТАРАТУ СЕМИНАРЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп базасында Халықаралық мектеп, елордасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлесуімен «Қоғамға қызмет – басты міндет» тақырыбында тәрбие үрдісіндегі тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарға қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сонымен қатар, «Назарабаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары ...
Толығырақ »Білімділер бақ сынасқан республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті
Еліміздің үш өңірінде өткен республикалық (желілік) пәндік олимпиада нағыз мықты мен шын білімдіні анықтауда дәстүрлі білім алаңына айналды. 800-ге жуық зияткер екі күн бойы өзара бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екі күнге ұласқан желілік олимпиада аяқталды. Екі турдан тұрған білім додасында үздік зияткерлер Қазақстан тарихы, Адам.Қоғам.Құқық, математика және физика пәндерінен өзара сынға түсіп, озық ойлы ...
Толығырақ »НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВРИАТТЫҢ ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АВТОРИЗАЦИЯ АЛДЫ
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына Халықаралық бакалавриат ұйымының бас кеңсесі орналасқан Швейцарияның Женева қаласынан қуанышты жаңалық келіп жетті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» Халықаралық бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы бойынша авторизация алды. Соңғы екі жыл көлемінде мектеп қауымдастығының барлық мүшелері біріге отырып, дайындық процесін жүргізді. 2019 жылдың 21-22 қарашасында Халықаралық бакалавриат өкілдері мектепке арнайы сапармен келді. Сапар ...
Толығырақ »НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктер үйінде Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Ғылым және білім – 2019» республикалық конференциясы өтті, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина. Конференцияда Білім және министрлігі ұйымдастырған бірқатар байқаулардың жеңімпаздары, еліміздің әр өңірінен келген ...
Толығырақ »