Америка Құрама Штаттарынан жақсы жаңалық келді. Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінде білім алу грантына ие болды. Жас талант иесі топологияны әлемдік деңгейде зерттеуді жоспарлап отыр. Математиканың осы бөлімінде Ақназар үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 – жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» форумында оқушыны өзінің зерттеу жұмыстарын Нұрсұлтан ...
Толығырақ »Tag Archives: НИШ
Атырауда Шәмші Қалдаяқовтың бал кеші өтті
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстанның Халық әртісі, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған күзгі бал өтті. Ән патшасының кешіне мектептің жоғары сынып оқушылары, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Өскелең ұрпақтың бойында эстетикалық тәрбиені және төл өнерге деген мәдениетті арттыру мақсатында өткен бұл шара оқу орынында дәстүрге айналған. «Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен ән ағаның жырлары жылдар өтсе де өзектілігін ...
Толығырақ »Динар — Балалар Евровидениесі ұлттық іріктеуінің финалисі
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 –ші сынып оқушысы Динар Нәдірбекова ел тарихында алғаш рет өткізілгелі отырған «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық байқауы Республикалық іріктеуінің финалына шықты. «Хабар» агенттігі ұйымдастырған іріктеуге жалпы саны 200 –ге жуық үміткер өтініш білдірген. Алайда негізгі талаптарды ескере отырып, 134 өнерпаздың ғана өтініштері қабылданған. Жуырда ұйымдастырушылар іріктеудің ақтық сынына жолдама алған финалистердің есімдерін ...
Толығырақ »Ұлтжандылықты ұлықтаған қоңырау өтті
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл өз есігін 9 -шы мәрте айқара ашып, білім нәрімен сусындауға құмар талантты оқушыларды тәрбиелемек. Өтпелі кезеңде талай талантты шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырған білім ошағы биыл өз қатарын жаңа буынмен толықтырды. 1 қыркүйек білім күні аясында мектебімізде «Болашақ — білімде» атауымен салтанатты лездеме өткізіп, 7 сыныпқа қабылданған шәкірттерге ерекше құрмет көрсетті. Лездемеде мектеп ...
Толығырақ »«Сәтті қадам» жаңа мұғалімдерге жол ашады
Баланың сапалы білім алуы білікті ұстазға тікелей байланысты. Сол үшін де қазір мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары. Отандық білім саласының темірқазығына айналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздарына бұл тарапта жауапкершілік ерекше артылады. Осыны ескерген Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының басында жұмысқа жаңадан қабылданған, Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ мамандар арасында «Сәтті қадам» атты сайысы ...
Толығырақ »Семейлік оқушылар жаһандық мәселелерге алаңдайды
Соңғы 2 жылдан бері Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «БҰҰ моделі» элективті курсы жұмыс жасайды. Міне, осы аталған курстың арқасында оқушыларымыз БҰҰ моделінің түрлі конференцияларына қатысуға дайындалады. Конференцияларға қатысу шәкірттеріміздің басқа мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынас қана орнатып қоймай, сыни ойлау мен пікірталастарда өз көзқарастарын еркін жеткізе білуге тәрбиелейді. БҰҰ моделі – ғаламдық мәселелерді шешуге ден қойған әлемнің әр ...
Толығырақ »НЗМ: Әріптесіміз «100 жаңа есім» қатарында
Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Анар Баймұрзаева ұстаздар арасында «100 жаңа есім» қатарына енді. Дәлірек айтқанда, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары арасында өткен «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқауына қатысып, 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, оның есімі ...
Толығырақ »«Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің» тәжірибесі мектептерде
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Н.Ә. Назарбаев Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мектеп басшысы Қалдықыз Айтжанқызы Мусаева Назарбаев Зияткерлік Мектебінің тәжірибесі «100 кітап, 100 ән» жобасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 ән, 25 кітап» жобасы деп мектеп тәжірибесіне енгізу қажеттігін айтты. Жобаның мақсаты – оқушыларға қазақ әдебиетінің алтын ...
Толығырақ »Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов: Тәжірибе тарату – оңай шаруа емес
Дана халқымыз «ғылым – теңіз», білім – қайық» деп текке айтпаса керек. Әркім өз ұрпағының білімді болғанын қалайды. Білімпаз оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытып, білімділігін жетілдіру мақсатында республикамыздың аймақтарында ұлт көшбасшысының тікелей тапсырмасымен ашылған физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептері әлемдік тәжірибені қолданып отырған еліміздегі алдыңғы шептегі білім ордасы болып саналады. Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінен білім алғандар біздің елді былай қойғанда, ...
Толығырақ »Оқушылар ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 28 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, 10 жылға созылған соғыстың лайықты бағасы әзірге толыққанды берілген жоқ. Десе де, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген интернационалист – жауынгерлер өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Еліміздің ертеңі жастарымызды отаншыл, патриот ретінде тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып жүрген ауған ардагерлері Отанды ...
Толығырақ »