Home » Жаңалықтар » Атырауда Шәмші Қалдаяқовтың бал кеші өтті

Атырауда Шәмші Қалдаяқовтың бал кеші өтті

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстанның Халық әртісі, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған күзгі бал өтті. Ән патшасының кешіне мектептің жоғары сынып оқушылары, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Өскелең ұрпақтың бойында эстетикалық тәрбиені және төл өнерге деген мәдениетті арттыру мақсатында өткен бұл шара оқу орынында дәстүрге айналған.

«Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен ән ағаның жырлары жылдар өтсе де өзектілігін жоймай ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатыр. «Шәмшінің әндері қашанда көңілге қуаныш, жүректерге толқу ұялатады. Қоңыр күздің суық күндерінде көңілдеріңізді жылытып, Шәмші аға туралы білмегенімізді толықтыру мақсатында ұйымдастырылған бал баршаңызға бақыт құшағын сыйлайды деген үміттемін», — деді оқу орын басшысы Айдарбек Айтбөкешев. Ол шоқтығы биік композитордың қазақ өнеріндегі айшықты орны туралы пікірін білдірген соң бал кешінде Шәмшінің әнін жанды дауыста орындап берді. «Жайықтың толқындары», «Арыс жағасында», «Қайдасың» атты туындылар әдемі вальспен сүйемелденді. Шараға облыстағы мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда Гүлмайдан Сүндетова арнайы қонақ болды. Өлкенің белгілі мәдени ағартушысы ән ағамен кездескен сәтін еске алып оның боямасыз образын суреттеп берді.

Дәстүр бойынша бал кешінің ханзадасы мен хадишасыда анықталды. Оларға арнайы құрмет көрсету мақсатында жуырда өткен I Grand Ball қайырымдылық балдың жеңімпаздары, мектеп түлегі Викентий Ким марапатты табыстады.

 Джаманкулов Ануар Джаманкулович
пресс-секретарь Назарбаев Интеллектуальной школы
химико-биологического направления г. Атырау

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.