Нұр-Сұлтан қаласындағы Ашихара Каратэ Федерациясының ұйымдастыруымен «Алатау» спорт кешенінде Ашихара Каратэ АИКО тарихында алғаш рет әйгілі жаттықтырушылардың оқушылары арасында «Тосқауылға тосқауыл» («Стенка на стенку) атты турнир болып өтті. Жарыс алаңында жаттықтырушылар Саян Жандильдин мен Ербол Жумабековтың шәкірттері күш сынасты. Турнирге жалпы саны 30 сайыскер қатысты. Доданың басты мақсаты – аталмыш спорт түрін Қазақстанда кеңірек насихаттау, клубтар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, ...
Толығырақ »Tag Archives: НИШ
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2020-2021 оқу жылына 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдауда өзгерістер бар. Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында мектеп директоры Ермек Пайзов мәлім етті. Енді үміткердің 3*4 көлемдегі фотосы қағаз түрінде емес электронды түрде қабылданады. Cонымен қатар, тұрғылықты мекен-жай туралы анықтама сұратылмайды. — Қабылдау комиссиясының жұмысын барынша тиімді ұйымдастырып, үміткерлерге ыңғайлы ...
Толығырақ »Тәжірибе таратуға арналған кезекті семинар
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибе тарату бойынша кезекті семинар өтті. Семинарға Семей қаласындағы жетекші, қалаға қарасты елді-мекендердегі, Бесқарағай ауданындағы Борас және Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектептердің мұғалімдері қатысты. Бұл жолғы семинарда барлық пәндер бойынша 2019-2020 оқу жылының 3- ші тоқсанына арналған оқу жоспарын вертикальді және горизонтальді жоспарлау, сонымен бірге бөлім бойынша жиынтық ...
Толығырақ »АҚТӨБЕДЕГІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ ЖЕТІНШІ ӨНЕРТАБЫСЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздері ойлап тапқан орманды-дала өрттерін анықтауға және алдын-алуға бағытталған құрылғыға авторлық құқық алды. «Fire Finder» жобасының авторлары – оныншы сынып оқушылары Айдана Кенжебаева мен Самал Әли. Құрылғы температура және инфрақызыл сәулелену сенсорларымен, сондай-ақ ұялы байланыс модулімен жабдықталған. Жер қызған кезде сигнал беріліп, өрт туралы ақпарат ұялы телефонға SMS-хабарлама түрінде келеді. Смс хабарламада аталған ...
Толығырақ »Баскетболдан ІІ Желілік Спартакиада жеңімпаздары анықталды
Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан ІІ Желілік спартакиаданың финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған он екі зияткерлік мектеп командалары қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген ұлдар және қыздар құрамалары. Спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті еселендіріп, командалық рух пен ...
Толығырақ »Павлодар қаласының НЗМ оқушылары Hackathon: Travel Tech байқауының жеңімпаздары
Ел астанасында Hackathon: Travel Tech туристік шешімдердің инновациялық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесінде Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Team I/O» командасы, яғни 11-сынып оқушылары Азамат Бекболат, Елжан Еркебұлан және Тұрлыхан Тоқтағанов жеңімпаз атанды! Марапатқа оқушылар 250 000 теңге және комиконға билеттер жеңіп алды. «TourAR «жобасы арқылы адам үйден шықпай-ақ таңдаған жеріне нақты мөлшерде саяхат жасауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар 36 ...
Толығырақ »Атырауда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған эстафета басталды
Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер қатысуда. Аталған акция зияткерлік оқу орынында «Үздік Фаризатанушы» оқушылар байқауымен басталды. Бірнеше кезеңдерде өткен әдеби-танымдық сайысқа мектептің 8 оқушысы қатысты. Алдымен олар ақынға арнауын оқып, кейін Фариза шығармашылығына негізделген ғылыми ...
Толығырақ »АҚЫЛ – ЖАСТАН немесе WRO – БОЛАШАҚ ЖОБАСЫ
WRO – 2019 Павлодар қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен, тұңғыш рет World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша Ұлттық чемпионаттың республикалық кезеңі өтті. Екі күндік іс-шараның ашылу салтанатына Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қатысып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Биылғы маусым айының соңғы күндері павлодарлықтар үшін тағы бір ауқымды, жаңашыл бағыттағы жастар жобасының өткізілуімен ерекшеленді. Павлодар қаласында ұйымдастырылған ұлттық чемпионатқа аймақтық олимпиадаларда ...
Толығырақ »Зияткерлік мектептер денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қызмет атқаратын биология пәні мұғалімдерінің жаздық демалыстары Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттан басталды. Елордаға мұғалімдерді UNFPA –ның (БҰҰ халық қоры) Қазақстандағы кеңсесі шақырды. Мұғалімдердің бесінші тоқсаны денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға арналған көкей кесті семинардан басталды. Тренерлер – United Nations Population Fund бойынша танымал сарапшылар, халықаралық жобалар және БҰҰ агенттіктерімен әріптестік қатынаста жүрген Любовь Дорожкина мен Мира Сауранбаева болды. – Біздің ...
Толығырақ »ФУТЗАЛДАН ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында футзалдан II Желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі аяқталып, жеңімпаз командалары анықталды. Зияткер ұлдар мен қыздар арасындағы дәстүрлі спартакиада биыл екінші рет жалауын желбіретті. Сыр өңірінде бастау алған аймақтық кезеңде Ақтобе, Орал, Ақтау, Атырау, Шымкент және Қызылордадан барлығы 14 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Спартакиаданың ашылу салтанатында спортшылар шеру жасап, мемлекеттік гимнді орындады. Алғашқы құттықтау ...
Толығырақ »