Home » Tag Archives: жаңалықтар

Tag Archives: жаңалықтар

Ақтауда оқушылар кітап-торт  пісіріп жарысты

  Қаңтардың 23-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Тәтті кітап» атты өте ерекше сайыс өтті. Білім ордасының 17 шаңырағының қатысуымен ұйымдастырылған шарада зияткерлер мен олардың ата-аналары оқыған кітаптарының желісінде торт жасаудан жарысып, ең үздік кітап-тортты анықтады. Шараны ұйымдастырушы «Каспий» шаңырағының педагог-кураторы Ақгүл Сарманованың сөзінше, конкурсты өткізудегі басты мақсат – балаларды кітап оқуға ынталандыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «100 кітап» ...

Толығырақ »

Массачусетс технологиялық институтынан студенттер келді

Биыл біздің мектепке MIT-Казақстан «Ғаламдық оқыту зертханалары» бағдарламасы бойынша Массачусетс технологиялық институтынан студенттері келді. Осымен үшінші жыл қатарынан жалғасын тапқан бағдарлама  аясында мектебімізгі келген қонақтар 10 сынып оқушыларына арнайы сабақтар беруде. МІТ студенттерімен өткен элективті курстың бір аптасы артта қалды. Біз оқушылардан бұл аптаның қалай өткенің және не үйренгендерін сұраған болатынбыз.10-сынып оқушыларының айтуынша өткен апта кіріспе мен теориялық бағытта болды, ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: ОҚЫРМАНДАРДЫ КІТАПХАНАҒА ҚАЛАЙ ТАРТАМЫЗ? 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату аясында Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашыларына арналған кезекті семинар-тренинг өтті. Зияткерлік мектептің мамандары келушілерге оқушылар арасында оқуға деген қызығушылықты дамыту және сауаттылығын арттыруға бағытталған мектеп жобаларын таныстырды.    PISA білім алушылардың біліктілігін бағалау бойынша Халықаралық бағдарламаға сәйкес, балаларды жастайынан кітап оқуға баулу оның жоғары жетістіктерге жетуге үлкен мүмкіндік береді.   Осы ретте, бүгінде оқырмандарды ...

Толығырақ »

Елбасы мақаласына арналған брей-ринг

Жуырда Жамбыл облысы, Тараз  шаһарының №12 балабақшасында қалалық «Абай» кітапханасының ұжымымен бірлескен зияткерлік брей-ринг ойыны өтті. Брей-ринг Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы «Ұлы даланың жеті қырына» арналған.    «Абай» атындағы кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.К.Дүнесова кітаптар арқылы «Ұлы даланың жеті қырын» таныстырды. Жүргізушілер М.Н.Орынтай, А.Н.Ошақбай брей-рингтің  бес түрлі сайысымен таныстырып, ойын тәртібінің қалай жүргізілетіндігін жеткізді. Яғни, ойын бес түрлі сайыстан тұрады, ...

Толығырақ »

Ақмолалық әртістер Қытай халқына өз өнерлерін көрсетуде

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әртістері  2018 жылдың 26-29 желтоқсаны аралығында Қытай Халық  Республикасында өткізілетін «Бір белдеу,  бір жол» бастамасының  5 жылдығына  арналған концертке қатысуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қытай Халық  Республикасында өтіп жатқан  бұл концертке  Гүлмира Ордабаева жетекшілік ететін «Гәкку» би ансамблі, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі, жетекшісі Жұлдыз Жүзбаева және филармонияның жетекші әншісі Аягөз Қалмағанбетова ...

Толығырақ »

Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілері жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуде

«Нейрон» медициналық орталығы мемлекеттік қызметшілерге тегін қызмет көрсетуде. Кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер дәрігерлердің қабылдауында болып, тегін медициналық тексеруден өтуде. Бұл шараның мақсаты аурулардың алдын-алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер терапевт мамандарының тексерісінен өтеді және флюорография, қан, зәр талдауы секілді медициналық қызметтер алады. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер профилактикалық жылдық медициналық тексеруден өтіп қана қоймай, жұмыс уақытында дәрігерлердің кеңесіне жүгіне алады. Бұл шара ...

Толығырақ »

АСТАНАДА ҚАЗАҚ КОНТЕНТ ЖАСАУШЫЛАРДЫҢ III ФОРУМЫ ӨТУДЕ

2018 жылдың 6 желтоқсаны – Бүгін елордада ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырған жыл сайынғы QAZFORUM 2018 конференциясы өтіп жатыр. Биыл форумның серіктестері ретінде «KaspiBank» АҚ, «Kcell» АҚ және «AirAstana» АҚ қолдау көрсетіп отыр. QAZFORUM – қазақ тілді онлайн-медианы дамыту мәселелеріне арналған бірегей алаң. Ол – қазақ тіліндегі онлайн-ресурстар ...

Толығырақ »

Мәңгілік елдің мәңгілік жыры

2018 жылы қарашаның жиырма төртінші жұлдызында Алматы облысы, Қарасай ауданының мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасындағы Республикалық көркемсөз байқауы өтті. Байқау «Қолтаңба star» республикалық өнер орталығының ұйымдастыруымен «сөз мерген» жобасы аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік жыры» деген атпен өткізілді. Игі іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, оқушылар бойында Отанға, туған жері мен еліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық тәрбиені насихаттап, сахна өнеріне ...

Толығырақ »

Әсерлі тәжірибе алмасу

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты физика пәні бойынша біліктілік арттыру курс тыңдаушыларын Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп базасында «Сақталу заңы», «Молекулалық физика» және «Термодинамика» бөлімдері бойынша есептерді шығару әдістемесін жетілдіру» атты көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп,бір-біріне әдістемелік көмектер көрсетті.         Хамметова Н.М. «Өрлеу»БАҰО»АҚ ...

Толығырақ »

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы педагогтер үшін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, ...

Толығырақ »