Home » Жаңалықтар » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы педагогтер үшін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетіп, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты болып өтті.

Марапаттау салтанатын институт директоры Б.Елеусінов алғысөзімен бастап, байқау барысында жасалған жұмыстар туралы айтып өтті.

Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған 63 жеңімпаз дипломдармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарының бейне-сабақтары Республикалық кезеңге жолданды.

Педагогтерге арналған кеш барысында байқау қатысушылары өз лебіздерін білдіріп, байқау барысында кездескен қиыншылықтары мен қызықты сәттерін айтып, өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымына педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.

 

Гүлхаят Асылбайқызы Махмутова

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.