Home » Tag Archives: Елбасы Жолдауы (page 3)

Tag Archives: Елбасы Жолдауы

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат ұжымы Президент Жолдауын қолдайды

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат мұғалімдер ұжымы 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы  Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, талқылап, қолдау білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды. Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат директоры С.С. Досмагамбетова Жолдауды талқылай отырып, жеке-жеке тоқталып өтті. Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Е.Б. Омаров Жолдаудың әр ...

Толығырақ »

Бастауыш мектептегі білім берудің қазіргі заманғы тәсілдері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» делінген. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғаны белгілі. Кез келген мектептен толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген оқушыдан болашақта жақсы маман білімді азамат шығары сөзсіз. Себебі, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған білімді, өз ...

Толығырақ »

ЖОЛДАУДАН ТҮЙГЕН ОЙ

Бәрімізге белгілі 2018 жылдың 10 қаңтары күні Елбасымыз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жариялады. Елбасы Жолдауда 10 міндет қойып отыр. Президент өз сөзін былай сабақтайды: «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды». Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқтала келіп, оның негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде ...

Толығырақ »

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің дана сөзінің маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Өйткені әрбір білім алушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын да білуге тиіс. Егер қоғамның дамуы білімді де білікті адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл болашақ қоғам мүшелеріне ...

Толығырақ »

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА КӘСІПТІК БАҒДАРЛЫ БІЛІМ БЕРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

  Жыл сайын өзіндік қарыштап даму сатысын жалғастырып, әлемдік өркениеттер көшінде жол бастаған еліміз үшін индустриалды-инновациялық өрлеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыру үшін көптеген ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңды еліміздегі жұмысша мамандар даярлау мен өндіріс орындарындағы кадр тапшылығын шешу мақсатында кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының әлеуетін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Сөзіміздің дәлелі, өткен 2016 жылы елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жолдауға сәйкес, «2017 ...

Толығырақ »

Елбасы Жолдауы — жарқын болашақ кепілі

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Жалпы, Жолдауда ...

Толығырақ »

Оралдық ұстаздар ортақ мақсатқа жұмылуда

Орал қалалық білім беру бөлімінде жаңартылған білім мазмұны бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім саласына айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Оралдық ұстаздар Жолдауда жүктелген міндеттерге ден қойып, нәтижелі жұмыс атқаруға жұмыла кірісуде. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айгүл Рамазанова мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жылғы ...

Толығырақ »

Жолдау жүктеген жетінші міндет

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударған. Білім саласындағы қабілеттілікті қарыштату, мұғалімдер жалақысын жақсарту, біліктілікті растау. Бұл саладағы атқарылуы тиіс міндеттерді сатылай тарқатқан Президент осы мақ­сат­т­а биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларды ғаламтор арқылы қолжетімді ету жайты айтылды. Бұл тәсіл өз кезегінде ауыл мен қала мектептеріндегі білім ...

Толығырақ »

Жолдау – ел дамуын көздейтін құжат

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың жаңа Жолдауы — егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат. Бұл құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тəуелсіз елімізді дамытудың, әрбір азаматтың, əрбір отбасының, жастардың жəне келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мен білім саласында қызмет ететін болғандықтан, Жолдауда білім беру саласының ...

Толығырақ »

Елбасы Жолдауы — болашақтың бағдары

Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынып келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты — елімізді жаһандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмылып жүзеге асыру міндетіміз болып табылады. Осы тұста биылғы Жолдаудың он бағытының ішінде әсіресе, жетіншісіне тоқталғымыз келіп отыр. Өйткені «Адами капитал–жаңғыру негізі» деп Елбасымыз атап ...

Толығырақ »