Home » Tag Archives: Айдана ХАМИДУЛЛИНА

Tag Archives: Айдана ХАМИДУЛЛИНА

БҚО-да цифрлы форумда педагогтер тәжірибе бөлісті

БҚО-да цифрлы форумда педагогтер тәжірибе бөлісті Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Әдістемелік лайфхак» облыстық цифрлы форумы өз мәресіне жетті. Жиында қазіргі кездегі еліміздің барлық мұғалімін толғандыратын білім беруді трансформациялау, мектептердегі цифрлы орта, оқушылардың белсенділігін арттыру, заманауи мұғалімге қойылатын жаңа талаптар сынды мәселелер қозғалды. – Форум – қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар және мектебіміздің бастамасымен жүзеге асқан ...

Толығырақ »

Жаңа жағдайдағы білім беру⠀

Жаңа жағдайдағы білім беру⠀ Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған  «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы – белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы. Алғашқы боп Білім және ғылым министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері ...

Толығырақ »

Оралдағы зияткерлік мектепте қос жыр бәйгесі өтті

Қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы сайыста мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін, мектеп қызметкерлері – ойшылдың қара сөздерін, ал ата-аналар – поэмаларын жатқа айтудан додаға түсті. Облыстық көркемсөз оқуларында қарсыластарынан оза шауып жүрген 7-сынып оқушысы Ерасыл Жүсіптің бұл жолы да бағы жанды. Абайдың 40 өлеңін жатқа білетін жас зияткер бас жүлдені қанжығалап, электронды самокатқа ие болды. Ал Манашевтар әулетінде ...

Толығырақ »

Оралдық оқушылардың Ұлы Жеңіс мерекесіне тартуы

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кестелі орамал» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында мектеп мұғалімдері, оқушылар мен олардың ата-аналары өздерінің аталары мен әжелерінің, яғни соғыс және тыл ардагерлерінің есімдерін кестелеп жазды. Шараға қатысушылардың арасында ағайынды Әли мен Мерей Есенгелдиндер де бар.  Олардың арғы аталары Байшыған Бектұрлиев қазақтардың арасында Сусаниннің ерлігін қайталаған жалғыз адам болып тарихта қалған. – ...

Толығырақ »

Онлайн форматтағы оқу тоқсаны басталды

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары мен оқушылары үшін төртінші оқу тоқсаны онлайн режимде басталды. Күннің бірінші жартысында пәндер бойынша онлайн сабақтар өтсе, түстен кейін оқушылар өз бетінше жұмыстанып, оқытушыдан жеке және топтық кеңестер ала алады. Қашықтан оқыту Microsoft Teams платформасы базасында мектеп әкімшілігі ұсынған кестеге сәйкес ұйымдастырылуда. Ол үшін аталған платформаға барлық оқушылар тіркеліп, онлайн сыныптар құрылды. Ал мұғалімдер қашықтан ...

Толығырақ »

Авиа үлгілеу спортынан сайысқа түсті

Оралда Тәуелсіздік мерекесіне орай авиамодельдеу спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Үш бөлім бойынша ұйымдастырылған сайысқа сексенге тарта оқушы қатысты. Қатысушылар өздері жасақтаған 400 мм-ге дейінгі, 400 мм-ден жоғары лақтыратын планерлерін, сондай-ақ резиномоторлы моделдерін бәйгеге қосты.  Модельдердің әрбір класында жеке және командалық біріншілік ойнатылды. Нәтижесінде 400 мм-ге дейін планерлер жарысында І орынды Ырысбек Сапарғали (Теректі ауданы), ІІ орынды Аян Қадырбай (облыстық ...

Толығырақ »

Оралдағы Зияткерлік мектепте күн станциясы іске қосылды

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты. Қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағына «Шелл» компаниясы қуаты 100 Квт/сағ. фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер ...

Толығырақ »