Home » Tag Archives: білім айнасы (page 15)

Tag Archives: білім айнасы

Бакуде грэплингтен қолаға қол жеткізді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Аслан Бақыткалиев грэплингтен өткен әлем чемпионатында қола медалді жеңіп алды. Әзербайжан астанасы Бакуде 8-9 қарашада ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтті. Жас спортшы жасөспірімдер арасында 53 келіде бақ сынасып, екі кездесу өткізген. Менің салмақ дәрежемде 10 спортшы болдық. Алғашқы кездесуде әзірбайжан спортшысы Гейдар Хагвердилиді (Heydar HAGVERDILI) ұттым. Ал жартылай финалда ресейлік ...

Толығырақ »

Павлодар қаласының НЗМ оқушылары Hackathon: Travel Tech байқауының жеңімпаздары

Ел астанасында Hackathon: Travel Tech туристік шешімдердің инновациялық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесінде Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Team I/O» командасы, яғни  11-сынып оқушылары Азамат Бекболат, Елжан Еркебұлан және Тұрлыхан Тоқтағанов жеңімпаз атанды! Марапатқа оқушылар  250 000 теңге және комиконға билеттер жеңіп алды. «TourAR «жобасы арқылы адам үйден шықпай-ақ таңдаған жеріне нақты мөлшерде саяхат жасауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар 36 ...

Толығырақ »

Жеке тұлғаның мінез бітістерін қалыптасытыру және тәрбиелеу жолдары

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана – сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногында әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау ...

Толығырақ »

Келер жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өседі

13 қараша күні «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша партия жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндамасында заң жобасының маңызды тұстарына тоқталып өтті. Ведомство басшысы педагогқа тән емес функцияларға тартуға тыйым салу, артық есеп беру, негізсіз тексерулер жүргізу арқылы жүктемені қысқарту бойынша ...

Толығырақ »

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Жаңа заң тек педагог мамандығының мәртебесін жоғарылатуды қолдау ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын арттырудың негізі болуы тиіс»

Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы көбінесе мұғалімнің қоғамдағы мәртебесімен және рөлімен анықталады. Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың мәртебесін арттыруымыз қажет», — деп атап ...

Толығырақ »

Латын графикасына көшу жағдайында орфография, орфоэпия мәселелері

Қоғам дамуында кез келген тілдің емле ережесін түзу барысында  тілтанымдық принциптерге  негізделетіні белгілі. Қазіргі таңда латын графикасына  негізделген қазақ тілінің емле ережесі дыбыстардың мағына ажарататын  реңкін таңбалайтын  фонематикалық принципті басшылыққа алып отыр. Ал күрделі  сөздерді таңбалауда морфологиялық принцип, шеттілдік сөздерді  қазақ тілінің дыбыстық әуезіне сай икемдеу үшін фонетикалық принциптер де қамтылған. Тілші ғалымдарымыз қазіргі оқыту әдістемесінде қазақтың төл сөздерін қазақ ...

Толығырақ »

Ұл ұятымен, қыз қылығымен

Мақсаты:  Қазақ қызы мен ер баланың бойына тән өнерлік, тәлімдік  қасиеттермен, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен таныстыру,  бір-бірін шынайы құрметтеп  қастерлей білуге,өзара сыйласымдылықты, достық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, эстетикалық тәрбие беру.  Түрі:  Пікірталас Көрнекілігі: проектор, экран, компьютер,роликтер: «Ұлттық тәрбие», «Қыз бұзылса, ұлт бұзылады».  Жүру барысы:  Кіріспе сөз: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі №19 топтың ұйымдастыруымен «Ұл ұятымен, қыз  қылығымен» атты тәрбиелік шарамызды ашық ...

Толығырақ »

Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2019» Чемпионаты басталды

Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2019» — V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының алғашқы күні.  Оған еліміздің 17 аймағынан 22 жасқа дейінгі 400-ден астам маман келді. «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Чемпионатқа қатысушылар алдағы екі күнде WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түседі және таңдалған ...

Толығырақ »

Атырауда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған эстафета басталды

Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер қатысуда. Аталған акция зияткерлік оқу орынында «Үздік Фаризатанушы» оқушылар байқауымен басталды. Бірнеше кезеңдерде өткен әдеби-танымдық сайысқа мектептің 8 оқушысы қатысты. Алдымен олар ақынға арнауын оқып, кейін Фариза шығармашылығына негізделген ғылыми ...

Толығырақ »

ЕЛІМІЗДЕГІ 10 ЖОО-ДА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

2019 жылғы қараша айының соңына дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы білім беру сапасын қамтамасыз ету Комитетімен еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады. Профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. Атап айтсақ, «Қайнар» Академиясы, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы. Заңнаманы өрескел бұзу фактілері ...

Толығырақ »