Home » Балабақша » Қысқы серуен

Қысқы серуен

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту.

Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбилеу

Көрнекілігі: Видеоролик, суреттер,

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Технология: «Жобалау -зерттеу» технологиясы. АКТ технологиясы.

Үш тілдік:

Мотивациялық- қозғаушы:

Балалар, келген қонақтармен үш тілде амандасады.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здравствуйте!

— Hello!

-Құрметті қонақтар, бүгінгі «Талантты бөбек» 2-кіші тобына қош келдіңіздер!

Балалар, бізде қазір қандай мезгіл?

— Қыс айларын атап шығайық?

— Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Ұйымдастырушы-ізденушілік

Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қысқы серуен» деп аталады.

  • Олай болса, интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. (қыс мезгілі туралы көріністер көрсетіледі).

Жапалақтап ала қар,

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

  • Балалар аппақ қардан не жасаймыз? (Аққала)
  • Жарайсыңдар!

Ғажайып сәт

  • Музыка әуенімен топқа аққала кіріп келеді.
  • Қош келдің, Аққала!
  • Ой, қандай керемет! Балалар мен жолда келе жатқанда мұрнымды қоян алып қойды. Қоян орманға қарай секіріп кетті. Маған мұрнымды табуға көмектесесіздер ме?
  • Олай болса, балалар, орманға саяхат жасайық.
  • Орманға қыс мезгілінде немен барамыз?
  • Шаңғымызды алып, мына өлең жолдарын айтып барсақ тез жетеміз

Шаңғы теуіп аппақ қарда,

Жорыққа біз шығамыз.

Ну орманға, асқар тауға,

Биікке алыс шығамыз

Балалар шаңғымен орманға келеді.

(Балалар шырша толы орманға келеді. Шырша басында отқан қарғаны көреді).

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Қарға, сен біздің ақ қоянды көрмедің бе?

Қарға: көрдім, бірақ менің тапсырмамды орындасандар қоянның қайда екенін айтамын.

1-тапсырма: «Сыңарын тап» ойыны

Мақсаты: Балалардың шапшаңдық дағдыларын дамыта отырып , байқампаздыққа тәрбиелеу.

Шарты: Балалар берілген суреттердің сыңарын тауып, суретті әңгімелеп береді.

(тапсырманы орындап болғасын қарға жол көрсетеді)

Тәрбиеші: Балалар алдымызда не жатыр? (Аппақ қар)

  • Қардың түсі қандай? Қолымызға ұстап көрейік.
  • Жарайсыздар! Ал балалар жолға шығайық.

Кенеттен алдарынан ақ қоян шығады.

Аққала:

  • Ақ қоян менің мұрнымды қайтар.

Ақ қоян:

  • Бұл менің азығым, саған бере алмаймын.
  • Егер менің тапсырмамды орындасаңдар сәбізді қайтарамын.

2-тапсырма: Тіл ұстарту

Ыс-ыс-ыс

Келіп қалды қыс

Ша-ша-ша

Жап-жасыл шырша

Ар-ар-ар

Аппақ екен қар

Ла-ла-ла

Жасап алдық аққала.

Қоян аққалаға сәбізін қайтарады.

Аққала:

  • Алақай! Рақмет ақ қоян! Балалармен ойын ойнағым келіп тұр.

«Қар жинау» ойыны

Мақсаты: балалардың таным қабілетін дамыту. Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: балалар ұлпа қарларды аққалаға жинап береді.

«Аққала» әні орындалады

Рефлексифті-түзетушілік.

Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балалар, сендер не жасай аласыңдар?

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Қыс айларын атайды.

Түсінеді:  Қыс мезгілінің ерекшеліктерін.

Қолданады: Сұрақ жауап.

Қаражанова Нәзипа Аязқызы

Қызылорда облысы  Арал қаласы

«Алтын балық» бөбекжайының

тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.