Home » Айтарым бар » Құтты болсын!!!

Құтты болсын!!!

Бүгінгі туылған күн иесі ЖШС «Гульжан» балабақшасынын менгерушісі Бағила ханым – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азаматша, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты ана!

Құтты болсын келген туған күніңіз,

Тілекші көп,бізде соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,

Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,

Бақытыңның өрге тартып бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,

Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Абырой, амандығың арта берсін.

Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,

Қонағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын-сауық бол берсін,

Үй-іші той-думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Баршаңа бақыт құсы қона берсін.

Үйіңізде қашанда бала күлсін,

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Бақыты барған сайын жана берсін!

Ұл тойды аман есен өткізіп ап,

Қариялар таусылмайтын бата берсін

Жолдасыңыз өзіңізге мейрімді боп,

Қызығын балалардың түгел көрсін!

Туғанылған тағыда құтты болып,

Мәртебеңіз мұннанда биік болсын!

 

ЖШС«Гульжан балабақшасының ұжымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.