Home » Жаңалықтар » Жазғы сауықтыру алаңы

Жазғы сауықтыру алаңы

Жаз — 2019

Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың орны ерекше. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі болып табылады. Бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан босап, әр бала өз қызығушылығымен айналысуына  мүмкіндік береді. Сондықтан да, жазғы сауықтыру алаңының қызметкерлеріне, тәрбиешілеріне оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.

Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің дем алуларына, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында «№7 ЖОББББММ» ММ базасында «Достық» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс жасауда.

Жазғы сауықтыру алаңында балалармен біршама жұмыс жүргізіледі. Атап айтсақ, спорттық, ұлттық, танымдық ойындар, алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар,  ұлттық дәстүрлер мерекесі,  өнер байқаулары, сурет көрмесі, саяхаттар, концерттік бағдарламалар т.б. іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, болашақ бірінші сынып пен ҰБТ-ге даярлық топтары қарқынды жұмыс жасауда.

 

Баршагүл Тонхорхан,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.