Home » Қылқалам » Анам

Анам

 Ана жайлы ойыңды айтып, тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты ерекше. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, аз да болса, өз ойымды жеткізім келеді.

«Ана» дегенде толқымайтын көңіл, толғанбайтын жүрек жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында теңіздей терең мағына жатыр. Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда анасының ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана қамқорлығына, мейіріміне бөленеді. Адамның ауызынан шығатын ең алғаш сөзі де «ана».

Мыржақып Дулатов атамыз айтқандай: «Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, ол – АНА! Шыныңда, осыншама қиналып көз жасын төге жүріп, өсірген анаға қолыңнан келгеннің бәрін істесең де, ананың түн ұйқысың төрт  бөлген бір күніндей ғана екен. Ана алдындағы парызды өтеу – адамдығың. Қаншалықты байлық иесі, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау керек. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, ең үлкен бақыт – ананың қолында.

Ғарифолла Камила Серікқызы,
Павлодар облысы Ленин кенті
№33 жалпы орта білім беру мектебінің
3 «Б» сынып оқушысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.