Home » Ашық сабақтар » Практикалық жұмыс № 7 «Тәуліктік дастарқан мәзірін құру» ҚР-ғы банк жүйесі

Практикалық жұмыс № 7 «Тәуліктік дастарқан мәзірін құру» ҚР-ғы банк жүйесі

Сержанова Алима,
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
Қурайлы ауылы,
Елек орта мектебі
технология пәні мұғалімі

 

 

Сабақтың мақсаты: Тәуліктік дастарқан мәзірін құруды үйрету.
Сабақтың міндеттері:

  • олардың азық-түлік түрлеріндегі құрамы жөнінде білімін қалыптастыруға жағдай жасау.
  • Азық түлік туралы білімін кеңейту, минералдық тұздардың т»әуліктік нормасына көңіл аудару. Уақытты тиімді қолдану, жұмыс істеу кезінде тазалық пен мұқияттылық сақтау, ыдыстар мен аспаптарды дұрыс қолдана білу сияқты біліктердің дамуына жағдай жасау.
  • Өзара түсіністікке, өзін-өзі ұстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Оқыту әдістері: мазмұндау, әңгімелеу,практикалық жұмыс
Оқыту формалары: фронталдық,топтық.
Пәналарлық байланыс: Биология, орыс тілі, қазақ тілі, тарих
Көрнекі құралдар: кестелер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Маусымдылық
Біздің ас мәзірін таңдауымызда жыл мезгілі үлкен роль атқарады. Жазда біз тағамға – жеңіл, ал қыста аса маңызды тамақтарды қолдануға тиіспіз. Тағамдарды әзірлеу кезінде жазда жас піскен көкөністерді пайдаланамыз. Мұздатылған немесе консервіленген көкөністер сияқты тамаша қоспаны жылдың кез — келген мезгілінде пайдалана береміз, оның маусымдылығы болмайды.
Ас мәзірінің алуан түрлілігі
Біздің ас мәзіріміз алуан түрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Тағамдардың және гарнирлердің қайталануын болдырмау керек. Егер біз бір тағамға күріш берсек, онда екінші тағамға, мысалы, картоп немесе ботқа беру керек.
Лайықты порция
Лайықты порция дайындауда отбасы мүшелерінің мүмкіндіктерін назарға алу керек. Оның төрт сағаттық кешкі ас кезінде бес жұғымды тағамды жей алмайтыны анық. Сондықтан дайындалатын ас мәзірі бойынша не тағамдардың аз санын, не нәрлілігі аз тағамдарды және аз порцияларды беруге шешім қабылдауға ұсынамыз.
Түрі
Келушіге қызмет көрсеткенде оның сұранысы бойынша ас мәзірін анықтап, біз сондай — ақ тағамдардың үстелдің үстіне қандай түрде берілетінін назарға алуға тиіспіз. Таңдалған тағамдардың өзінің түсі бойынша алуан түрлі болуына ойлануымыз керек. Мұндай құрамның назар аудартатыны анық және қонақтар тағамдардың әрқайсысының дәмін татып көруден де бас тарта алмайды.
Тағамдарға соңғы көзқарас
Біз таңдалған ас мәзірін қарама — қарсылық көзқарасынан қосымша бағалауға тиіспіз. Жақсы таңдалған ас мәзірінде ыстық және суық тағамдар, жеңіл және аса жұғымды, қуырылған және пісірілген тағамдар болуы тиіс. Егер біз жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, өз ас мәзірімізді таңдап алсақ, біздің аспаздық табысымызға кепілдік бере аламыз.
Таңертеңгілік ас 600 — 700
Түскі ас 900 — 1000
Кешкі ас 600 — 700
Балалар 7 — 10 жас 2380
Балалар 11 — 13жас 2860
Жасөспірім ер балалар(14 — 17) 3160
Жасөспірім қызбалалар (14 — 17) 2760
Студент жастар жігіттер 3300
Студент жастар қыздар 2800
Спортсмендер ер адамдар 4500 — 5000
Спортсмендер әйел адамдар 3500 — 4000
Ауыр жұмыспен айналысатын ер адамдар 45000 – жоғары
Практикалық жұмыс. Дастарқан жасау .Фуршет әдісі.
Ас мәзірімен қатар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін біле жүруіміз керек, олар:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Әрбір адам үшін күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстықтағамтемпературасы 50 — 60С, салқынтағам 10С — тантөменболмаукерек.
5. Ақырғытамақтануұйқығадейін 2 сағатбұрын болу керек.
6. Тамақтыңтүрін (рационын) өзгертіптұрукерек
7. Қайнатылған, буға, парғапіскентағампайдалы.
8. Тамақтыасықпайшайнапжеукерек
9. Сұйықтағамдардыкөкөніс, жемістікөпқолданукерек
10. Сүт, суттенжасалғанқышқылтымтағамдыжеукерек
Техникалыққауіпсіздікереженіеске салу.
Э және ҚСН
Банк жүйесібанк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілернесие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен
реттеледі. «Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі тура- лы» ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің
Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау)
ІҮ. Бекіту

  1. Асхана жапқыштарының қандай түрлері болады?
    2. Майлықтар, дастархан түрлері?
    3. Асхана құралдарын қалай орналастырады?
    4. Ұлттық ыдыс — аяқтың түрлерін ата?
    5. Ас мәзірін орналастыру ретінің жолдары?
    Ү. Қортынды. Кері байланыс « Мерген әдісін пайдалану»
    Оқушыларды бағалау.
    Үйге тапсырма: Тәуліктік дастарқан мәзірін құрып келу. ҚР-ғы банк жүйесі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.