Home » Ашық сабақтар » Fruits and  vegetables. Жемістер мен көкөністер

Fruits and  vegetables. Жемістер мен көкөністер

Білім беру саласы: «Қатынас».

Бөлімі: «Ағылшын тілі».

Мақсаты: а)Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілін дамыту, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл байлығын дамыту.

б) балалармен сұрақ-жауап арқылы диалог орнату.

  1. c) балаларға өлең, әндер арқылы ағылшын тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: әңгімелеу, сүретпен жұмыс.

Қажетті құралдар: компютер, теледидар, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, жеміс, көкөністер.

Билингвалдық компонент:

Fruits – жемістер – фрукты

Vegetables – көкеністер – овощи

Apple – алма – яблоко

Orange – апельсин – апельсин

Strawberry – құлпынай – клубника

Grapes – жүзім – виноград

Onion – жуа – лук

Tomato – қызанақ – помидор

Potato – картоп – картошка

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген тәрбиешілер келіпті. Қане, ағылшын тілінде қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық!

Балалар : «Good morning, teacher!

Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!»

Мұғалім: Өте жақсы, балалар. Бұл өлеңіміздің мағынасы – ”Қайырлы таң! Cізді көргеніме қуаныштымын!”. Әрине, бір-бірімізді көргенімізге қуанамыз, өйткені тәрбиешілер анамыздай, топтағы балалар жан қимас дос болып кеткен емеспе, балалар?

Балалар:  Ия.

Мұғалім: Өте жақсы, олай болса жан достарымызға, тәрбиешілерге арнап жақсы тілектер айтайық. Жүрекшеге жазылған ізгі ниеттерімізді өзбек тіліндегі мағыналарымен айтып сиқырлы ағашқа ілсек, міндетті түрде орындалады. Бірінші жүрекшедегі тілек сендерге арналады, менің жүрекшемде «Wish you good health», яғни «сізге зор денсаулық тілеймін» дегені. Ендігі  кезек сендерде, кімде қандай тілек бар?

Кумуш: Good luck to you!                           Сізге бақыт тілеймін!

Сабина: Wish you success!                          Сізге сәттілік тілеймін!

Жавохир: Wish you happiness!                   Сізге  шаттық тілеймін!

Ильяс: Take care of yourself!                      Өзіңізді абайлаңыз!

Самандар: I love my friends!                      Мен достарымды жақсы көремін!

Шахзода:I love my teachers!                       Мен апайларды жақсы көремін!

Феруза: I love my kindergarden!                 Мен балабақшамды жақсы көремін!

Мұғалім: Балалар, рахмет сендерге! Тілектерің орындалсын!

Балалар айтыңдаршы,біз ағылшын тілін не үшін үйренудеміз?

Балалар: Көп тіл біліп, келешегіміздің білімді ұрпағы болу үшін үйренудеміз.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Президентіміздің үш тіл туралы айтып өткен сөздерін сендерге айтып берейін. “Қазақ тілін оқыту әр дайым басымдықта бола береді, ағылшын тілінің қажеттілігі бұл әлемдік бағыт, ал орыс тілін жақсы білу – бұл біздің байлығымыз…” деген. Сондықтан да «Үш тұғырлы тіл» саясаты жүзеге асырылуда. Осы айтып өтілген үш тіл туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Гуласал: Ақыл ойы дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Амина:

Узнай родной язык —

В нем сила и свобода.

Узнай родной язык —

В нем гордость государства.

Кумуш:

Learn, learn, learn the words

Every word I say.

Practice, reading, writing, speaking,

English  every day.

Тосын сәт.  Микки Маус есікті тақылдатып кіреді.

Мұғалім:  Who is on?

Mickey Mouse: I am a Mickey Mouse. May I come in?

Мұғалім: OOO, Welcome,  dear, Mouse!

Mickey Mouse: Hello, my  friends! Good morning!

Балалар: Good morning, Mickey Mouse!

Mickey Mouse: How are you?

Балалар: We are fine!

Mickey Mouse: What is your name?

Кумуш: I am a Kumush!

Mickey Mouse: How  old are you?

Кумуш: I am five.

Mickey Mouse: Have you friends?

Кумуш: Yes, I have more friends. They are Sabina, Odina, Islom, Amina.

Mickey Mouse: You are very good! Let`s children show me your knowledge!

Мұғалім: балалар, өзімізді таныстыратын өлеңдер білеміз бе?

Балалар: Ия.

Дилафруз:

What is your name? What is your name?

Now tell me please, what is your name?

My name is Dilafruz, my name is Dilafruz

That is my name.

Сабина:

Where do you live? Where do you live?

Now tell me please, where do you live?

I live in Kazakhstan, I live in Kazakhstan

That is where I live.

Дилбек:

How old are you? How old are you?

Now tell me please, how old are you?

I am five, I am five,

That is my age?

Мұғалім: Балалар, бүгін сендер жемістер мен көкөністердің ағылшын тіліндегі айтылуымен танысасыңдар. Сендер қандай жемістерді білесіңдер? — Балалар жемістердің атын атап шығады.

Мұғалім: Ал қандай көкеністерді білесіңдер? — Балалар көкеністерді атап шығады.

Мұғалім: Қәне барлығымыз теледидарға қарап, тақырыпқа қатысты видео көрейік.

Енді көрнекіліктерге назар аударайық.

Балалар тақырыпты қалай түсінгендеріңді ойын арқылы көрейік!

Үлестірмелі материалдарды сендерге беремін. Бұл жемістер және көкөністер бейнеленген карточкалар. Аталған сөзді орыс және ағылшын тілінде атау қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір жұлдызшадан беріледі және сабақ соңында жұлдызша санына қарап баға қойылады.

Қызанақ, қияр, сарымсақ, қызылша, қырыққабат, алма, ананас, шабдалы, шие, … т .б .

Балалар жауап береді.

Мұғалім:  Жемістер туралы өлеңдер білеміз бе?

Сабина:

Apples big,

Apples small.

Guess what?

I like them all.

Шодиена:

Cherries, cherries

Ruby red,

Want to try one?

Go ahead.

Дилдора:

I walked through the jungle

And what did I see?

Big green bananas

Hanging on a tree.

Енді денемізді сергітіп алайық. Теледидарға назар аударыңдар.

Денемізді сергітіп алдық, енді осы сергіту сәтіндегі аталған дене мүшелерімен таныстыра кетейін: бас, тізе, аяқ, желке – head, shoulder, knees, toes.

Өтілген сабақтарымызды қайталап өту үшін  «Сиқырлы микрофон» ойынын өткізейік. Ойынның шартымен таныстырайын: аталған қазақ тіліндегі сөздің ағылшынша аталуын айтуларың керек, сиқырлы микрафон кімге берілсе, сол бала жауабын айтуы тиіc.

Түстер: қызыл, жасыл, сары, ақ, қара т,б.

Кейінгі ойынымыз “Touch” яғни, аталған затты ұстап көрсету керек. Бұл ойын тапқырлықты әрі  жылдамдықты талап етеді. Берілген жануарларды таңдап, көрсетулерің керек.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, ит, мысық, зебра, түйе, маймыл.

Мұғалім: Енді қыздар, жеміс-көкөністерді пайдаланып қол өнерімізді көрсетейік. Ал ұл-балалар жеміс-көкеністердің сүреттерін салсын. Соңында балалар жұлдызша санына қарап  бағаланады және уй тапсырмасы беріледі.

          Ташметова Шахиста Абдрахмановна

                                                                       «Айша-Биби» бөбекжай-балабақшасының

                                              ағылшын пәні мұғалімі

                                                   Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                                   Қарнақ ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.