Home » Жаңалықтар » «Face to face» білім туралы

«Face to face» білім туралы

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бастамасымен 2017 жылғы 19-21 қарашада елшіліктің өкілі Жанна Нұрмұхан мен АҚШ азаматы, ағылшын профессоры және MATESOL бағдарламасының  қолданбалы лингвистикасы және ағылшын тілі профессоры, GFHR Комитетінің төрағасы, халықаралық сарапшы, ғылыми еңбектердің авторы, және ​​бірқатар бағдарламалар мен оқыту әдістемелердің әзірлеушісі, америкалық бірқатар телеарналардың жүргізуші, кеңесші, тренер, Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесінің, Дүниежүзілік зияткерлік жекеменшік ұйымының ЮНЕСКО синхрондық аудармашысы, АҚШ ұлттық активінің мүшесі, Фулбрайт ғалымы  Элка Тодева  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ» филиалына жұмыс сапарымен келді.

Жоғары мәртебелі қонақтар сапарының мақсаты – қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру ұлттық жүйесімен танысу, кәсіби даму мәселесі бойынша тәжірибе алмасу, біліктілік арттыру,  консалтингтік қолдау және білім берудегі көшбасшылықты ұйымдастыру болды. 

Филиал қызметкерлері қонақтарға арнап әртүрлі кешенді іс-шаралар мен кәсіби кездесулер: Петропавл қаласына тақырыптық экскурсия, «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» әлеуметтік-мәдени прологі, құрылымдық-тақырыптық экскурсия,   «АҚШ педагогтерінің кәсіби даму жүйесі» брифингі, Петропавл қ. НЗМ базасында «Тілдерді үйренеміз –  әлемді танимыз» TED-алаңы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің базасында «Тілдерді функционалдық меңгерудегі педагогикалық-ұйымдастыру жағдайы» іс-тәжірибе алмасу,  «Нұр бөбек», «Ақ Бота» балабақшаларына тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырды.

Элка Тодевамен өткізілген белсенді диалогке  СҚО білім  басқармасының өкілдері, облыстың білім беру ұйымдарының басшылары, «Білім берудегі көшбасшылар» клубының мүшелері, филиалдың педагогикалық алаңдарының басшылары,  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің, Әскери институттың оқытушылары, облыстың әдістемелік қызметтерінің қызметкерлері, тілдік пәндердің мұғалімдері шақырылды.

Элка Тодева Солтүстік Қазақстанда болғаны туралы пікірінде педагогтердің жоғары кәсіби деңгейін, олардың инновацияға ашықтығын, заманауи ойлауларын және белсенділіктерін атап өтті.  Ол өз ризашылығын келесі сөздермен білдірді: «Мені «Өрлеу» филиалының ұжымдық рухы, олардың жоғары корпоративтік мәдениеті таң қалдырды. Бұл шын мәніндегі кәсіби мамандар мен пікірлестер тобы!»

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.